Депутаттар Үкіметті сотқа бермек
Себебі Министрлер кабинеті олардың сауалына түсінікті етіп жауап бермейді екен.
Автор: Гүлнұр Имандос
15.01.2014
Әсіресе, Мәжілістегі «Ақжол» партиясы өкпелі. Былтыр Үкіметке 60-тан астам депутаттық сауал жолдап, соның бірде-біріне мардымды жауап алмапты. Керісінше, бір-біріне сілтеуге дағдыланып алған. Сөйтіп халықтың мұң-мұқтажы мен шенеуніктердің шетел банктеріне тыққан қаржыларын тексеруді сұраған сауалдары Есілдің сол жағалауындағы еңселі кеңселердің тартпасында шаң басып жатыр. Осыған шамданған депутаттар енді ісіне салғырт шенеуніктерді қатаң жазалауды талап етпек.
Перуашев, Мәжіліс депутаты:
–Біздің құқығымызды қорғайтын орган бар,бас прокуратура сияқты. Оған да баруға дайынбыз. Керек болса сотқа да барамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!