Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырды
«Антигептил» қозғалысының белсендісі Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырды. Тіпті жұдырықтасу үшін ғарышкерді жұмыс орнына іздеп келді.
Автор: Ербол Сейілхан
15.01.2014
- Жекпе-жекке шақырасыз ба?
- Иә, жігіт болса шықсын.
- Сындырамын.
Бірақ ашуға булыққан табиғат жанашырын күзетшілер босағадан әріге жіберген жоқ. Осымен үшінші тәулік қатарынан «Протонның» ұшырылуына тиым салуды талап еткен топ мүшелері агенттік алдында бір-бірден наразылық білдіріп жатыр. Алғашқы екеуін полиция ұстап әкетіп ірі көлемде айыппұл салса, бұл жолы ешкім тиіспеді. Негізі заң бойынша жалғыз адамның қарсылығы митингке жатпайды екен. Ал бүгінгі арыны қатты белсендіден Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев сескеніп қалса керек, кабинетінен шықпай қойды.
Болатбек Біләлов, «Антигептил» қозғалысының белсендісі:
-Талғат Мұсабаев сені бәрібір ұстап аламын. Осыны есіңде сақта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!