Стриптиз билеумен аты шыққан Жасөспірімдер үйінің директоры парамен ұсталды
Шымкенттегі Жасөспірімдер үйінде тағы былық! Бұл жолы директоры хатшының орнын саудалап қолға түсті. Сарбиназ Сүлейменова тәжірибен өтуге келген қыздан 150 мың теңге талап еткен. Айта кетсек, жетімдер үйінің түлектері уақытша тұратын бұл мекеменің жаман аты былтыр шыққан. Ол кезде егде жастағы вахтер әйелдің жалаңаш билеген таспасы ғаламторға тараған-ды. Жасөспірімдер үйіне қызметке тұрған ұстаздардың бірі жаңа жұмысын осылай «жуған» болатын.
Автор: Бек Әби
15.01.2014
«Жасөспірімдер үйі» нақтырағы мекемедегі жасөспірімдер рахат өмір енді басталды дейді. 50-ден аса бала тәрбиеленетін мекемені 10 жыл басқарған Сарбиназ Сүйлейменова жетімдерді зар еңіреткен екен. Тәрбиеленушілердің қолын қойып, жетімдерге жұмсалатын дүниелерді де өзі алып отырған.
Тұрсынай Төленова, Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі:
-Мен ештеңе алмағам бұл жатақханадан. Шампун, азық-түлік, киімдер, алып көрген емеспіз. Ақшалай да берген жоқ. . Қол қойылған заттар да берілген жоқ.
Сүлейменованың студенттер түрін көрмеген тұрмыстық бұйымдар мен ақшаларды қайда жібергені белгісіз. Директор тәрбиеленушілерден ғана емес, жұмысқа орналаспақ болғандардың есебінен де қалтасын қампайтқысы келген. Біраз күн бұрын өзі басқарып отырған мекеменің алдында дүйім жұрттың көзінше ол парамен қолға түсті.
Эльвира Қадірсізова, Қаржы полициясының ОҚО бойынша баспасөз хатшысы:
-Жастар практикасымен жұмыс жасап жүріп, ары қарай сол мекемеде жұмыс қызметтік хатшы боп қалу үшін Ж. деген азаматшадан 150 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алды деген күдікпен ҚР ОҚО бойынша білім басқармасына қарайтын облыстық жасөспірімдер үйі директоры Сүлейменова С. ұсталды.
Тек, Сарбиназ ханыммен қызметес болған мұғалімдер былыққа батқан басшысына шаң жуытқысы келмей отыр. Айтуларынша, әділдіктің эталоны болыпты. Бірақ, тәрбиеленушілері мұғалімдердің бұл пікірін жоққа шығарды.
-Сарбиназ Сүлейменова он жылдан бері жасөспірімдер үйін басқарып келеді. Және осы жылдар аралығында директордың басынан түрлі келеңсіз жәйттер өткен екен. Және бір таңғалдырарлығы Сүлейменоваға қатысты ешқандай іс қозғалмаған және орнынан кетпеген.
Бір ғана мысал, бір жыл бұрын жетім балалар тәрбие алып жатқан мекемеде ұстаз жұмысқа орналасқанын «жуамын» деп асыра сілтеп жіберген. Жаңа қызметкер өзге мұғалімдердің көзінше жалаңаш билеп, ұятқа қалған болатын. Осыдан кейін ол телефонға түскен видеоны тілшілерге берген адамды іздеп шарқ ұрыпты. Қазіргі оның орнында уақытша отырған басшылық бұған қатысты жұмған ауыздарын ашқан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!