{metadescription}
0:000:00
Қазына қаржысы  олимпиада чемпионы мен танымал әншілерге сыйақы ретінде таратылған

Қазына қаржысы олимпиада чемпионы мен танымал әншілерге сыйақы ретінде таратылған

Оралда Мүслім Оңдағановқа қатысты сот процесінде біраз жаңа деректердің беті ашылды. Жауап алынып жатқан айыпталушылардың бірі қазынадан қолды болған қаржының қайда жұмсалғанын жайып салды. Облыстық спорт мектебінің директоры Меңдіхан Жәкеновтың айтуынша, экс-шенеунік талай мықты спортшыға ат мінгізіп, талай әншіні ауласына әкеп ән шырқатқан екен.

Оңдағановтың облыс спортына деп бөлінген қаржыны оңды-солды шашып, сыбайластарымен шетелде демалыстарын өткізетіні бұған дейін де айтылған. Бұл жолы ши басқа жерден шықты. Айыпталушылардың бірі Мүслім мырзаның мейірі түскен жандарға қымбат сыйлықтар сыйлағанын айтады. Кейбіріне асыл тұқымды ат мінгізген. Әкететін көлігі болмаса, малдың құнын ақшалай береді екен. Осылайша, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен палуан Әсет Мәмбетовке сый-сияпат жасалыпты. Ал кештеріне, Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев пен Мәдина Сәдуақасоваларды шақырған дейді Меңдіхан Жәкенов. Айта кетейік Жәкенов пен Оңдағановтан бөлек тағы екі күдікті бар бұл істе. Барлығы облыс аумағында қарқынды қызмет еткен " қылмыстық топ құрып соны басқарған" деп айыпталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.