Аслан Мусин отставкаға жіберілді
Есілдің сол жағалауында ауыс-түйіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін күтпеген жерден кадрлық өзгерістер жасады. Дәлірек айтқанда, Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қызметінен босатты. Саясаттағы ықпалды шенеунік бұл орынтақта 1 жарым жыл ғана отырды. Аслан Мусиннің қандай себептермен жұмыстан алынғаны белгісіз. Оның үстіне қандай лауазымға жайғасатыны да беймәлім. Ал Есеп комитетінің төрағасы болып Қозы-Көрпеш Жаңбыршин тағайындалды. Көпшілікке белгісіздеу ол бұған дейін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болған.
Автор: Ербол Сейілхан
15.01.2014
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары