{metadescription}
0:000:00
Теннисші Зарина Дияс топ жарды

Теннисші Зарина Дияс топ жарды

Қазақтың талдырмаш қызы Зарина Дияс, Аустралияның ашық чемпионатында тағы бір саты алға жылжыды.  20 жастағы Зарина,  «Үлкен Дулығаның»  негізгі додасына  жолдама алғанда бір қуансақ, алғашқы айналымдағы жеңісінен кейін бөркімізді аспанға аттық. 

Екінші раундта жаңа зеландиялық Марина Эраковичпен кездескен Зарина  нағыз кәсіпқой теннисшіге тән мінез  танытты. Бір  сағат 14 минутқа жалғасқан матч 6:4, 6:0 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Зарина келесі айналымда   румын теннисшісі Симона Халеппен кездеседі. Әлемдік рейтингтің лидері Серена Уильямстің екпіні күшті. Америкалық теннисші кезекті ойын күні 6:1,6:2 есебімен сербиялық ВеснаДолонцты  айқын ұтты. Қытайдың бірінші ракеткасы Ли На осы күні 16 жасар швейцариялық теннисші Белинда Бенчичтен басым түсті. Есеп 6:0 және 7:6.

 

Американың Лэйк Плэсид қаласында фристайлдан Әлем кубогының кезекті додасы өтті.  Могулдан өткен жарыста канадалық спортшылар үздік шықты. Ерлер додасында   Алекс Билода топ жарса,  америкалықтар Патрик Динин мен Брэдли Уилсон   екінші және үшінші орындарды бөлісті.

58 могулшы қатысқан ерлер додасында   қазақстандықтар    Дмитрий Рейхерд 21-ші , Павел Колмаков 27-ші, ал Дмитрий Бармашов 29 орыннан табылды.   Есесіне  Лэйк-Плэсидке жолы түскен жерлестеріміз арасында ең жоғары нәтиже көрсеткен  Юлия Галышева болды.  Юлия әлемнің үздік могулшылары қатысқан жарыста  мәртебелі алтыншы орынға табан тіреді. Қазақстан құрамасының екінші мүшесі  Дарья Рыбалова 25- ші орынды қанағат қылды.  Мұнда бас бәйгені канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан иемденсе, күміс пен қолаға  америкалықтар Хайди Клозер мен Ханна Кирнир лайық болып шықты. 

 

«Осасунаны» екі рет ұтқан  Мадридтің «Реалы», Испания кубогының ширек финалынан орын алды.  Өз алаңында 2:0 есебімен ұтқан король клубы,   қарымта матчта дәл осындай есеппен жеңіске жетті.  

Кездесудің  22-минутында кеше ғана Пеленің қолынан  «Алтын допты» алған Роналду өз командасын алға шығарды. Бұл эпизодта Роналдудың алыстан тепкен добы,  тура қақпашының қолынан табылған.  Бірақ  қатты тебілген допты  қолынан шығарып алған  Андреас Фернандес, алғашқы голға себепкер болды.  Екінші таймда оң қапталдан алға ұмтылған Хесе Родригес,   айып алаңына жүгіре жеткен Анхель ди Марияға әдемі пас шығарып берді. Өз кезегінде аргентиналық футболшы мүлт кеткен жоқ.  Исапния кубогының ширек сынында  король клубы «Эспаньолмен» күш сынасатын болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.