Автобус жүргізушілері еңбекақыларын даулап жүр
Атырау облысының Құлсары қаласында бүгін автобус жүргізушілері наразылыққа шықты. Айтуларынша, басшылықтың бопсалауынан қажыған. Автопарк қожайындары әрқайсысынан күніне жоспардан бөлек ақша талап етеді екен.
Автор: Жанар Низамутдин
16.01.2014
Бұл басшылыққа базынасын айтқан қоғамдық көліктің жүргізушілері. Олардың соңғы кезде арандары ашылып жөн-жосықсыз «ақша жинауды әдетке айналдырды» деп отыр. Оның үстіне бір бағытта қатынайтын автобустар санын 3 есеге, яғни 40-қа дейін көбейтіп жіберген. Ал Құлсары сияқты шағын кентте 40 автобусқа бірдей жолаушы табыла бермейтіні анық. Бірақ одан автопарктің жүргізушілерге жүктеген күнделікті жоспарлы ақысы азаймапты. Ақшадан қағылған азаматтардың талабын тыңдауға басшылықтан ешкім құлық танытқан жоқ.
Мәлік Өтеғұлов, автобус жүргізушісі:
-Әйелім, бала-шағам жұмыс істейді, соның нанына қарап отырмын қазір, сөздің шындығы керек. Машина тұр үйде, 6-7 ай болды табыс таба алмаған соң қойдым. Енді жатырмын үйде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары