{metadescription}
0:000:00
 "Kaspi bank"-пен соттасып жатқандар екіге жарылды

"Kaspi bank"-пен соттасып жатқандар екіге жарылды

«Kaspi bank» салымшыларының құқын қорғап жүрген Ермек Нарымбаевты «алаяқтықпен айналысты» деп айыпталуда. Банктің 3 салымшысы баспасөз мәслихатын өткізіп, қоғамдық белсендіге берген 200 долларларын қайтарып ала алмай жүргендерін мәлімдеді. Нарымбаев осы ақшаға сотта сөздерін сөйлеу керек болған екен. Бірақ уәдесінде тұрмапты. Ал Ермек Нарымбаевтың өзі мұны барып тұрған  «арандатушылық»  деп отыр.

Әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған мына азаматтар бүгін енді сотта сөздерін сөйлеген Ермек Нарымбаевтың өзіне қарсы жиын өткізіп отыр. Айтуларынша, қоғамдық белсендіге адвокаттары ретінде әрқайсы 200 доллардан ұстатқан екен. Енді «Kaspi bank»-пен аяқасты мәмілеге келіп Нарымбаевтан берген ақшаларын қайтаруды талап етуде.

Ирина Мартьянова:

-  «Kaspi bank»-пен біз бір келісімге келдік. Олар барлық пайыздар мен өсімпұлды алып тастады. Енді біз Нарымбаевқа берген ақшамызды қайтарып алсақ дейміз. Қайта-қайта алыс жол жүрген шығынымыз бен адвокаттың ақысын да одан өндіріп алуымыз керек.

Тіпті жабылып жаңа адвокат та жалдаған. Нарымбаев алған ақшасын тез арада қайта қолымызға ұстатпаса сотта сөйлесеміз деп ашулы отыр.

Фархат Шәмиев, адвокат:

-Заңды қызмет көрсету үшін оның куәлігі де жоқ. Тіпті жеке кәсіпкер ретінде де тіркелмепті. Сондықтан ол менің қорғауымдағы адамдарды алдаған деп отырмыз.

Ал қоғамдық белсендінің өзі аң-таң. Қызметіңізіге мұқтаж емеспіз дегенде, бұл 3 салымшыға ақшасын кеңседен алып кетуге болады деп хат жолдапты. Бірақ ешқайсысы келмей, бірден сотқа жүгінгенін Нарымбаев «арандатушылық» деп отыр.

Ермек Нарымбаев, қоғамдық белсенді:

- Маған келген 500-ден астам адамды топ-топқа бөліп, сотқа арыз түсіруді жөн көргенбіз. Бұл адамдар бірінші кезекке ілінбей қалды. Ал сотта олардың құқығын қорғауыма болмайды дегені шындыққа жанаспайды. Барлығы ресми түрде жасалған. Бұл «Kaspi bank»-тің сот алдындағы нағыз арандатушылық әрекеті.

Қоғамдық белсенді «Kaspi bank»-ке «алдандық» деп көмек сұраған салымшының күннен күнге артып жатқанын айтады.

-Осылайша шағымданғандардың «Kaspi bank» алдындағы қарызы аяқ-асты кешірілген соң олардың 200 долларын даулауға кіріскені қызық-ақ. Дегенмен Ермек Нарымбаевтың өзі олардың ақшасын сотқа жеткізбей-ақ қайтарып беруге дайын. Ал қосымша пайызға толы жеңіл несие алған 39 адамның шағымы бойынша келесі сот отырысы 21 қаңтарға белгіленіп отыр. Сол кезде банк өкілі олар қол қойған келісім-шарттарды сотта көрсетуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде