{metadescription}
0:000:00
Тұрғындардың өзі ұстап берген ұрыларды полиция босатып жіберген

Тұрғындардың өзі ұстап берген ұрыларды полиция босатып жіберген

Алматы облысында мал ұрлығы тиылмай тұр! Есіргені сонша, барымташылар енді шаруа қожалықтарының қорасына тапа тал түсте түсе бастады. Мәселен, Қараой елді-мекенінде бір үйден 46 ірі қара ұрланған. Ал жалпы 3 ай ішінде ауылдан 130-ға жуық төрт түлік қолды болыпты. Бір қызығы, ұрының кім екенін тұрғындар біледі. Бірақ «нақты дәйек жоқ» деген желеумен полицейлер шара қолдануға асығар емес. Ашынған жұрт бүгін тіпті сол сақшылармен текетіреске дейін барды.

Барымташыға бір тоқтам болсын! Қараой жұрты бүгін тағы осы талаппен полицияға шағым түсіру үшін жиналды. Өйткені бұған дейін төрт түлік бірлі-екілі бас болып жоғалса, қазір үйірімен кетіп жатыр. Тіпті соңғы айларда араны ашылған сонша ұрлары еш сескенбестен қораға тал түсте түсетінді шығарыпты.

Асылхан Артықбаев, шаруа қожалығының иесі:

-Осыдан екі ай бұрын есептедік. Ол кезде 4 айдың ішінде 125 сиыр мен жылқы кетті. Бір шаруашылықтан 46, енді бірінен 26 бас. Менің өзімнен 13 бас сиыр айдап кетті. Жанымдағы көршіден 19 бас кетті.

Соңғы бір ішінде бұл ауылдан 130 бас мал жоғалған. Бастапқыда жұрт ұрының өз іштерінен екенін сезген-ді. Бірақ осыдан бірер ай бұрын болған оқиға оның кім екеніне нақты көз жеткізген.

Нариман Гусейнов, шаруа қожалығының иесі:

-Ұрыны мен өзім ұстап алып едім. Бірақ учаскелік инспекторды шақырғанда олар арызымды қабылдамады. Айтуларынша, ұрланған малдың бағасы небәрі 450 мың теңге. Сондықтан бұл қылмыстық іс қозғауға сай емес екен. Кемі 900 мың болғанда қозғар едік деді. Осындай сөз бола ма? Бір қап картоп ұрласаңда соттайды ғой негізі.

 «Ұры осы» деп ауылдастары меңзеген жігіт – Қадыр есімді азамат екен. Малынан айырғандар өздері полицияға ұстап берген. Бірақ ұсталғаны сол екен босатылған. Қазір оның қайда екенін ешкім білмейді. Ал мына кісі «сыбайласы» деп жұрт айтап отырған барымташының туысы. Бірақ ол кінәні тек күйеу баласына ғана жауып отыр.   

Ержан Әлімжан, Қараой ауылының тұрғыны:

-Айыптағанда жалғыз мына адам ғой. «Сынжырын тауып алдым» деп келгенін естідік қой. Ахметтің қожалығынанна. Одан басқа мен ештеңе білмедім. Мен күзде бір-екі тайынша сойдым. Оны жіліктеп ауылдағыларға саттым. Мен өмірі базарға ет өткізген пенде емеспін.  

- Малды ұрлап, сойып етін  көк Нивасымен тасиды. Кім екенін  де, білдік. Олар Ержан мен Қадыр .

Ал полиция жұрт ұстап берген ұры босату себебін қылмыстық дәйектің жоқтығымен түсіндіріп отыр.

Талгат Беркімбаев, Іле аудандық ІІБ бастығы:

- Қазір анықтап жатырмыз. Егер қылмыс анықталса, оны міндетті түрде жауапқа тартамыз. Бірақ біздіңше ұры сырттан келген. Сондықтан шаруалармен бірлесіп күзет қызметін күшейтеміз.

Айта кетсек, мал ұрлығы бір Іле ауданында емес, жалпы Алматы облысында өршіп тұрған қылмыс. Бірақ бүгінге дейін тек бірлі жарымына қатысты іс қозғалғанымен, көп ұрлық  сол күйі ашылмай жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде