{metadescription}
0:000:00
Ақтүтек бораннан жүздеген көлік кептеліп қалды

Ақтүтек бораннан жүздеген көлік кептеліп қалды

Еліміздің  бірқатар аймағында  күн райы қайта бұзылды. Ақтүтек бораннан Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл  облыстарында жолдар тегіс жабылып, көлік қозғалысы тұралаған. Салдарынан республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда ұзын-сонар кезек қалыптасты. Тіпті оңтүстік өңірлерді де,  дүлей жел әбіргерге салды. Мектептерде сабақ тоқтатылып ал коммуналдық мекемелер көшелерді қардан  тазартып үлгере алмай жатыр.

Бұл Жамбыл облысындағы көрініс. Табиғаттың тосын мінезі мына жүздеген жүк көлігінің жолын бөгеді. Кептеліс бірнеше шақырымға созылған.

Жандар Қазанбаев, көлік жүргізушісі:

Жындыханаға жете алмай тұрмын. Көмір апарауым керек еді. Жібермей жатыр. Дәрігерлер айқайлап жатыр. Отынды жеткізбесең "қатамыз" деп. Не істерімді білмей тұрмын.

Дәл осындай жанайқай бүгін  Астанада жиі естілді. Себебі бас қаладан шығуға тиым салынған. Жол жабық. Көліктер қаңтарылып тұр. Патрульдік полиция мен қару асынған арнайы жасақ сарбазының сұсынан сескенген жүргізушілер үнсіз. Көліктерінде тағы түнеуге тура келетін секілді.

- Тұрамыз, басқа қайда барамыз?

Ақтүтек боранға байланысты Елордадағы орталық аэромобильді жедел құтқару тобы күшейтілген жұмыс тәрбіне көшіпті. Ақмола облысын тұтас бақылауға алған. Барлық төтенше жағдайға сақадай сай отыр. Мына «Трэкол» деп аталатын жол талғамайтын көліктері де дайын. Танкіге ұқсаңқырайтын алып  машина қалың қардың шебін бұзып, құрсауда қалған  адамдарды құтқаруға арналған. Бірақ бүгін көмек сұрап  хабарласқандар болмапты.

Аягөз Фазылова, Астана қалалық ТЖД баспасөз хатшысы: 

-Желдің екіпіні  20 метрге ұлғаюына байланысты Астана қаласынан Көкшетау Қостанай, Қарағандыға баратын жолдар таңертеңнен түгел жабылды Қазіргі кезде Астана қаласында жағдай тыныш. 

Боранмен қоса бүгін бас шаһарды қар басып салды. Коммуналдық мекемелер жолды тазартып үлгермей жатыр. Негізгі техниканың  бір бөлігі Есілдің сол жағалауындағы еңселі кеңселердің алдын аршуға жұмылдырылған.

Өмірзақ Оспанов, коммуналдық мекеме қызметкері:

-   Қардан тазартып жатырмыз. Біразға дейін осында боламыз. 

-Осылайша, құтқарушылармен бірге еліміздегі барлық коммуналдық мекемелер тәулік бойы дамыл таппауда. Республикалық, облысаралық бағыттағы жолдар ашылғанымен сәлден соң қайта жабылып жатыр. Себебі  күн райы  жиі құбылып тұр. Ал синоптиктердің болжамынша,  Батыс, Солтүстік, Шығыс пен Орталық Қазақстанның тұрғындары алдағы бірнеше тәулікте бораннан көз ашпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде