{metadescription}
0:000:00
 Жолдауды 90 минут оқыған Елбасыға 50 рет қол соғылды

Жолдауды 90 минут оқыған Елбасыға 50 рет қол соғылды

Алдағы екі жылда елімізде  жәрдемақы,  шәкіртақы өсіп  ұстаздар, дәрігерлер мен  шенеуніктердің жалақысы да  көтеріледі. Бұл туралы бүгін халыққа дәстүрлі  жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.  Президент болашақта мемлекеттің қандай жолмен дамитынын түсіндіріп бағыт-бағдарын  айқындады. Ал  ауқымды тапсырмалар алған министрлер кабинеті жолдауда айтылған міндеттерді орындауға шұғыл кірісіп кетті. 

Осымен екінші рет жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде жарияланды.  Бұл жолы Тәуелсіздік сарайы таңдап алынған. Қызу қарбалас, шенеуніктер қымбат шетелдік көліктерімен ағылса, лауазымы төмендері  лек-легімен автобуспен жеткізілді. Ал жиынның өткізілу тәртібіне биыл біраз өзгеріс енгізіліпті. Ортадағы үлкен үстелге Үкімет мүшелері жайғасқан. Төрдегі басты орынның иесі өзін көп күттірген жоқ. Әдетте, Нұрсұлтан Назарбаев үндеуін мінберде тұрып оқыса, бұл жолы  өйтпеді. Ал жолдау былтырғының жалғасы, яғни «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері жайында.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың  әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа бөлеміз. Сөйтіп халықтың тұрмысын жақсартамыз. 

Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы, медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек. Ал кәсіпкерлікпен айналысуды әр отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр. Елбасы алдымен жалақы, жәрдемақы және шәкіртақының өсетінін айтып қуантып қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-2015 жылдың 1-шілдесінен бастап Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 28 пайызға, білім беру қызметкерлеріне  29 пайызға, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлеріне  40 пайызға өсірілсін. Сондай-ақ, Үкіметке  «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап жалақыларын 15 пайызға, ал 2016 жылдың 1-шілдесінен тағы 15 пайызға көбейтуді тапсырамын. Ал 2015 жылдың 1 маусымынан бастап мүгедектер мен асыраушысынан айрылғандарға берілетін  жәрдемақы 25 пайызға өсірілсін.Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендияны  25 пайызға көбейтуге тапсырма беремін. 

Ал экономика мұнай мен газдан түсетін табысқа қарап қалмауы тиіс. Бір қызығы «қара алтынға» бай Қазақстанда отын тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев көптен дауға айналған мәселеге нүкте қойып, атом электр станциясының құрылысын бастауға пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-  Мұнай мен газдың үстінде отырған елдер неге АЭС салады? Өйткені болашағын ойлап отыр.  Газ жағу доллар мен теңгені жағу деген сөз. Мұнайға қатысты айтарым да осы.  Атом электр станциясының не екенін халыққа түсіндіруіміз керек. Әйтпесе не болса соны айтып тұрғындардың миын ашытып жүргендер көп.

Тағы бір жайт,мемлекеттік кәсіпорындарды жекенің қолына өткізу мен ішкі миграция. Қазіргі таңда ауылдан қалаға қоныс аударшылардың саны артқан. Сондықтан Астана мен Алматыдан кейін Шымкент пен Ақтөбені ірі мегаполиске айналдыру үшін мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді. Ұлттық идеямыз  «Мәңгілік ел» туралы айтқанда Нұрсұлтан Назарбаев ерекше шабыттанып кетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін елдігіміз мәңгілік.

Үндеуді 90 минут бойы оқыған Елбасыға жиналғандар 50 рет қол соқты. Екі рет орындарынан тұрып ілтипат көрсетті. Ерекше әсер алғандардың бірі президент әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов. Ол тарихи сәтті қалт жібергісі келмеді ме, әйтеуір күнде көріп жүрген Нұрсұлтан Назарбаевты телефонымен суретке түсіріп әуре болды.

-Алдағы 35 жылға жоспарланған құжат өте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған. Енді премьерден бастап, министрлер, облыс, аудан ауыл әкімдері, тіпті депутаттарға дейін жолдауды жатқа соғуы тиіс. Өйткені, оны халық арасында түсіндіру соларға жүктелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде