{metadescription}
0:000:00
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Жапонияда  конькимен жүгіру спортының  спринттік көпсайысы бойынша  әлем чемпионаты мәресіне жетті. Сочи олимпиадасы алдындағы соңғы сынақта, қазақ спортшылары тәуір нәтиже көрсетті. 

Жарыс ережесіне сәйкес  спринтерлер 500 және 1000 метрлік дистанцияларға жүгіруден екі реттен бақ сынайды. Сол әрекеттердің  қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар  спринттік көпсайыстың жеңімпазы болып танылады.  Ерлер додасында Наганодағы чемпионаттың  бас жүлдесін голландиялық Мишель Мюллер иеленді. 1000-метрлік  дистанцияда  екінші нәтиже көрсеткен қостанайлық Денис Кузин,  әрекеттердің бәрін қосқанда жалпы есепте төртінші орынды қанағат қылды. Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Роман Креч алғашқы ондықты түйіндесе, әйелдер бәсекесінде жерлесіміз Екатерина Аидова сегізінші  нәтиже көрсетті.

 

Футболдан Англия чемпионатының 22-ші тур кездесулері ойналды. Бұл айналымның орталық матчында “Челси” “Стэмфорт Бриджда” “Манчестер Юнайтедті” қабылдаған.

Мамандар мен жанкүйерлер бұл кездесу тартысқа болы болады деп болжаған. Алайда Дэвид Мойес шәкірттері бұл маусымда алғашқы үштікпен иық тірестіре алар емес. Ал өз кезегінде чемпиондықтан үмітті “Челси” лайықты жеңіске жетті. Алғашқы минуттан алаңнан бой көрсеткен Самуэль Это”О нағыз бабында. Шабуылда ширақ ойнаған камерундық хэт-трик авторы атанды. Алғашқы қос голды бірінші таймда соққан ол, үзілістен кейін манчестерлік қақпашы Давид Де Хеаны тағы шаң таптырды. Қонақтар өз кезегінде Хавьер Эрнандестің голымен ғана жауап қайтаруға шамасы жетті. 22-ші турдың нәтижесі бойынша  51 ұпаймен “Арсенал” көш басында. “Манчестер Сити” екінші, ал “Челси” тиісінше үштікті қортындылап тұр.

 

Испания чемпионатында да шиеленіс жоғарылай түсті. Бұл жолы көшбасшы Мадридттық “Атлетико” мен каталондық “Барселона” ұпай жоғалтты. Қос команда да бұл жолы бір ұпайды қанағат етті.

Сырт алаңда “Левантемен” кездескен “Барселона” алғашқы минуттан әдеттегідей допқа көп иелік еткен. Бірақ қорғаныста қырағы ойнаған алаң иелері күтпеген жерден есеп ашты. Бұрыштамадан жеткен допты қақпада тулатқан Лукас Винтра. Көп ұзамай Месси бастаған жігіттер таразы басын теңестірді. Бұл жолы да гол бұрыштамадан соғылды. Мергендігімен көзге түскен Херард Пике. Үзілістен кейін үлкен күшпен шабуылдаған Херардо Мартино тәлімгерлері қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Ал 5:0 есебімен “Бетисты” тас талқан еткен “Реал” осы турдан кейін басты қарсыластарына тек бір ұпай қалып үшінші орында келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде