{metadescription}
0:000:00
Алаяқ тұрғындарға банктен миллиондап несие алғызған

Алаяқ тұрғындарға банктен миллиондап несие алғызған

Көкшетауда жүзден астам адам алаяқтарға алданып қалды. Бұрын банкте менеджер болып істеген 23 жастағы қыз жұртқа несие алғызып, сыбайластарымен бөліске салған. 10 миллион теңгеге дейін банктен ақша алып, алданғандарын кеш білгендер енді полицияға арыздануда. Қазірдің өзінде әйелдерден құрылған қылмыстық топқа алданған 44 адам шағым түсіріпті.

Сан соғып қалғандарын кеш ұғып, кімнен көмек сұрарын білмей дал болған адамдар бір Көкшетаудың өзінде ондап саналады. Бірақ ешқайсы түрін көрсеткісі жоқ. Ұялғаннан емес, қорыққандарынан осындай қадамға барып отыр. Себебі несие алғызып, ақшасын қалтасына басқандар телефон шалып, қоқан-лоқы көрсетеді екен. 

Жәбірленуші:

-Кісілер бар, 7 мың долларға дейін, ең үлкен кредит алған 10 миллион. Қорқады шығуға телевиденияға, полиция біледі арыз соларда жатыр. Нәтиже  жоқ. Астанада, Шортандыда алданған адамдар бар.

Оңай олжаға дәніккендер алдаудың әртүрлі тәсілін қолданған. Алғашқыда аз мөлшерде несие әперіп, оны түгел жауып тастап, сенімге кіріпті. Кейін несиені миллиондап алғыза бастаған.

 Жәбірленуші:

-Бізге акция, несиенің жартысы кешікпей жабылады деді. Өзім 500, қызым 400 мың несие алды. Қалай алданғанымды білмеймін. Тауармен де алады, әйтеуір елді жаппай  алдап жатыр.

Шағымданушылар, «топ басшысы» деп Анаргүл есімді қыздың суретін ала келген. Ол бұрын банкте менеджер болып істепті. Өзі сияқты әйелдерден «қылмыстық топ құрған»,- дейді жәбірленушілер. Несие алуға мүмкіндігі бар адамдарды алдын-ала зерттеп, сосын банкке жұмсайды екен. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, ешқайсысы қамалмапты. Полиция бұған банк қызметкерлерінің де қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Бұл әйелдер бостандықта. Бірақ, кез-келген уақытта полицияға келуге міндеттелді. Қылмыстық іс қозғалған. 44 адамнан осы әйелдерге шағым түсті.

Полиция тергеу жүруде деп осылай жайбасарлық танытып жатқанда алаяқтардың әлі талай адамды қақпандарына түсіретін түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде