{metadescription}
0:000:00
 Бензин иісіне тұншыққан тұрғындар күнде есінен танып жатыр

Бензин иісіне тұншыққан тұрғындар күнде есінен танып жатыр

Мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатсын! Осындай талаппен Жамбыл облысындағы Аса ауылының тұрғындары бас көтерді. Айтуларынша, тәулік бойы дамыл таппай жұмыс істейтін өндіріс жұртты газ бен бензин иісіне тұншықтырып біткен. Салдарынан аурухананы да жұрт соңғы уақытта жиі жағалай бастапты. Ал, жергілікті билік мәселені шешуге шарасыздық танытуда.

«Амангелді мұнай өңдеу» зауыты Аса аулының дәл іргесінде орналасқан. Жылына 200 мың тонна өнім беретін алып кәсіпорын өндіріс тұрғындардың тынысын тарылтып тұр. Жұрт, құлқынның қамын ойлаған басшылықтың елдің денсаулығын елемей отырғанын айтуда. 

Әният Иманқұлова, Аса ауылының тұрғыны:

-Салғанда біз қуанып едік, мұндай у да қалатынымызды білгеніміз жоқ. Бізге таза ауа керек. Қандай иіс екенін білмейміз, біз химик емеспіз әйтеуір сасық, құрамын айта алмаймыз.

Зауыттың зардабын бес ауылдың тұрғындары көруде. Олар өндіріс басшылығына талай мәрте барып, қолқаны қапқан иісті жоюды сұраған.  Бірақ, ондағылар пысқырып та қарамапты. Шыдамы шегіне жеткен ағайын бүгін компания алдына жиналып, жұмысты тоқтатуын талап етті.      

Бейсенкүл Теңгебаева, Аса ауылының тұрғыны:

-Талабымыз, мынаны жапсын. Талап сол.  Ертеңмен балалар тұра алмайды. Екі күннің бірінде больница, аллергия, басымыз мынадай, ісіп кеткен. Үйдің ішінде май секілді қалғып тұрады. Далаға шыққанда арақ ішіп уланған адам секілді тұра алмаймыз.

-Ертең емес, қазір шықсын. Дөкейлер неге қашып кетті. Келді көлігін қойып, қашып кетті. Шақырыңыздар жауап беретін адамдарды.

Шулаған жұртқа зауыт өкілдері бүгін де төбе көрсеткен жоқ. Мән-жайды тілшілерге оңаша түсіндіруге талпынды. Сөздеріне сенсек, дауға Ресейден келген 5 мың тонна мұнай себеп болыпты. Сапасы төмен шикізаттан жағымсыз иіс бөлінген. Бірақ, мұнайдың сол париясын өндіруді тежегенбіз деп міз бақпады.

Болатбек Ұлықпанов, «Амангелді мұнай өңдеу зауыты» директорының орынбасары:

-Шығып жатса, шығып жатыр деп айтар едік қой, шығып жатқан жоқ өйткені. Өңдеп жатқан жоқпыз. Күнде ішінде жүрміз, шықса шығатын еді ғой.

Бауыржан Қалшынбетов, Аса ауылының әкімі:

-СЭС келіп анализ алған. Соның қорытындысын күтіп отырмыз. Қортындысы зиянды қалдықтар жоқ болған жағдайда бұл жұмыс істейді, зиянды қалдықтар болған жағдайда жұмысын тоқтатуға мүдделі.

-Ақжағалылар жағдайды «бақылауда ұстап отырмыз» деп мәлімдеді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың өзі, мұнай өңдеу зауыты құрылтайшысына хат жолдап, мәселені шешуін сұраған. Ал, санитарлар ауаны ластағанын растаса, өңірдегі алып инновациялық жобаның тұралайтын түрі бар. Демек, жүздеген адам тағы жұмыссыз қалуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде