{metadescription}
0:000:00
Университеттер  автономдық басқару тәсіліне көше бастады

Университеттер автономдық басқару тәсіліне көше бастады

Елімізде автономдық жүйеге енген Жоғарғы оқу орындары қатары көбеймек. Әзірге, тек «Назарбаев университеті» ғана осы үрдіспен қызмет етіп келеді. Десе де келер жылы оның қатарына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де ілікпекші. Білім ордасы дайындығын да пысықтап қойыпты. Айта кетсек, Елбасы халыққа жолдауында білімге қатысты осындай өзгерту еңгізуді тапсырған еді.

Бұл - Астанадағы «Назарбаев университеті». Әзірге, еліміздегі академиялық, яғни халықаралық үрдіске толыққанды сай келетін жалғыз оқу орны. Университет автономиялық жүйеде жұмыс істейді. Мемлекеттің еншісінде болса да, өзін-өзі дербес басқару механизиміне ие.

Шигео Катсу, «Назарбаев Университетінің» президенті:

- «Автономиялық университет» - бұл академиялық еркіндік. Мәселен, әдеттегі ескі жүйеден ауытқып, студенттерге арнайы өзіміз әзірлеген бағдарлама бойынша білім береміз. Оқу орны Білім министрлігіне тәуелді емес. Мұғалімдер мен профессорлар құрамын өзіміз жасақтаймыз. 

Автономиялық жүйе бір Наразбаев университетіне ғана тән механизим болмауы тиіс. Бұл туралы Елбасы өткен аптадағы жолауында айтқан еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Болашақта еліміздегі білім орладары ақырындап академиялық-автономиялық басқару жүйесіне көшуі тиіс.

Десе де біліміміз батысты басып озбаса да, қалыс емес. Сондықтан дербестікке әлдеқашан әзір оқу орындары да баршылық. Соның бірі – 80 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Егер заң бекітілсе, қара шаңырақ келер жылы-ақ автономия атанбақ.

Тілекқабыл Рамазанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры:

- Шын мағынасында біз 11-ші жылдан бастап дайынбыз. Және де сол жұмысты атқарып жатырмыз. Мысалы, 11 жылы ең бірінші рет біздің елімізде зерттеу ұлттық университетке көшу жүйесінің бағдарламасын жасадық. Былай айтқанда сол бағдарламамен жұмыс істеп келеміз.

Дербестік білім ордасының қаржы саясатын да ешбір сырттан нұсқаусыз басқаруға мүмкіндік береді. Мәселен, инвестор тартып, қандай да бір жобаны жеке дара іске асыруға, одан түскен табысты университет қажеттілігіне тиесінше жаратуға.

-Дербестік жүесіне еңген университет Білім министрлігіне бағынышты болмайды. Бірақ бұл білім ордасы жекешелендіруге өтеді деген сөз емес.  Ал өзгерістің өзі 2015 жылдан басталады. Тек ұлттық статусы барлары ғана болмаса, өзге оқу орындарының қатарға ілігіп кетуі қиын шығар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде