Азық-түлік қоймасы отқа оранды
Оралда азық-түлік қоймасы отқа оранды. Таң алдында тұтанған қызыл жалын әп-сәтте 2 мың шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. Тілсіз жаумен күреске қаланың барлық өрт сөндірушілері жұмылдырылды.
Автор: Елгүл Нұғман
21.01.2014
Қоймадан шыққан қою қара түтін айналаны басып қалған. Қайта жалын тура іргедегі жанармай бекетіне жетпей ауыздықталды. Әзірге өрттен келген шығын көлемі белгісіз. Бір анығы қойма іші түрлі консервілер мен тез даярланатын кеспеге толып тұрыпты. Оған қоса ауладағы екі жүк көлігі де жанып кеткен. Болжам бойынша, от электр желісінің қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары