Олимпиада қарсаңында спортшыларды жігерлендіретін кино түсірілді
Олимпиада қарсаңында спортшыларды жігерлендіретін кино. Ертеннен бастап ресейлік «Чемпиондар» фильмі үлкен экрандарда көрсетілмек. Әйгілі саңлақтардың өмірлік оқиғалары мен жеңіс тұғырына қалай көтерілгендігін баяндайтын туынды жеке бес сюжетке бөлінген. Оның әрқайсысы спортшылардың талпынысы мен талантын, ауыр бәсекелестік пен сатқындыққа толы. Сочи олимпиадасының қарсаңында шығарылып отырған фильмді қазақстандық көрерменге «Меломан» компаниясы ұсынуда.
Автор: Олжас Байжан
22.01.2014
«Чемпиондар» фильмі спорттық драма жанрында түсіріліп, бес түрлі ресейлік кәсіби спортшылардың оқиғасын баяндайды. Сюжет негізінде әйгілі саңлақтардың өмірлік оқиғалары мен жеңіс тұғырына қалай көтерілгендігі көрініс тапқан. Хоккейден екі дүркін әлем чемпионы Илья Ковальчук күйзелісті жеңіп, Канада құрамасына шешуші шайбаны салса, биатлонист Николай Круглов әкесінің сенімін ақтауға тырысады. Себебі ол өз алтын медальдарын сатып, бар қаржысын ұлының оқуына салған.
Көпшілік дәуірің өтті дегенге қарамастан олимпиадада алтынға қол жеткізген конькиші Светлана Журова және Солт-Лейк-Ситидің мұзында ауыр жарақат алса да үздік танылған Антон Сихарулидзе мен Елене Бережнова өмірі негізге алынған. Олимпиаданың бес түрлі жеңісі мен тарихы, үздік болуға жігерленген ерік және спортшылардың талпынысы мен таланты, ауыр бәсекелестік пен амал достыққа да орын табылыпты.
Актерлік өнерімен көпшілікті тәнті еткен Дмитрий Дюжев фильмде өзін режиссер ретінде танытты. Ал Сочи олимпиадасының қарсаңында спортшыларды осындай туындымен жігерлендіретін туынды ертеннен бастап еліміздің үлкен экрандарында көрсетіледі. Қазақстандық көрерменге «Дисней», «Сони», «Энджой Муви» және «Базелевс» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынуда.
Светлана Журова, Коньки жарысынан Әлем және олимпиада чемпионы:
- Я желаю удачи как нашим спортсменам, так и вашим. Потому что вы знаете когда русские перестают выигрывать мы начинаем болеть за Казахстан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!