{metadescription}
0:000:00
19 жастағы жігітті жабылып ұрып өлтіргендер бостандықта жүр

19 жастағы жігітті жабылып ұрып өлтіргендер бостандықта жүр

Жамбыл облысында ұлынан айырылған отбасы жергілікті полицейлерді ісіне "атүсті қарады" деп айыптауда. Айтуларынша, 19 жастағы Мейірбек Жапсарбайды айуандықпен өлтіргендердің біреуі ғана тұтқынға алынып, өзгелеріне шара қолданылмаған. Марқұмның жақындары енді қылмысқа қатысы барлардың бәрін жауапқа тартылуын талап етуде. 

Мейірбекті күні кеше жақындары ақтық сапарға шығарып салды. 19 жастағы бозбаланы жергілікті бұзақылар айуандықпен өлтірген. Жұдырық жұмсағандардың кемі 10 бала болуы мүмкін. Бірақ, сол қаскөйлердің біреуі ғана қамауға алыныпты.

Қанат Өзенбаев, әкесі:

-Менің баламды алдап апарып, жабылып, кастетпен ұрған, сүйегін сындырып жіберген. Қара құстан ұрған, денесінде түк жоқ. Бір адамның  менің балама шамасы келмейді. 

Жазым қылған азаматтардың өздері марқұмның өлі денесін көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Сөйтіп іздерін суытыпты. Сол мәйіт тасыған машина әлі күнге аулада, қанға боялған қалпы тұр. Қара жамылған отбасы болса өз ісіне атүсті қараған тергеушілерге қапалы. Өйткені 4 күн өтсе де мән-жайды сұрап бас сұқпаған.  

Гүлмира Нұрманова, туысы:

-Жауып тастайтын сияқты істі, өлтірген баланың туыстары полицияда, нағышысы да, ағасы да сонда істейді дейді.

Қызыл жағалылардың ісіне күдікпен қараған қыршын кеткен боздақтың жақындары бүгін ішкі істер бөліміне өздері келді. Погон таққан мырзалардан қылмыскерлердің түгелдей жауапқа тартылуын талап етті.    

-Бұл жерде топ болған, жалғыз баланы қамап қойған, болды. Біз сіздерден білейін деп едік, кемі бұл жерде 4-5 бала бар. Жалғыз адамға өзі де бой бермес еді.

Ал, тергеушілер іске күмән келтіруге "негіз жоқ" деп отыр. Күдікті ретінде 19 жастағы жергілікті тұрғын қамалыпты. Өз еркімен келіп, "кінәсін де мойындаған" деп салды. Расында айыпталушы жалғыз болмаған екен.

Дархан Құшанов, Т.Рысқұлов аудандық ІІБ тергеушісі:

-Марқұмның жанында өзінің құрдастары екі азамат болған. Ал, айыпталушының жанында олар үш көлікпен келген. Топтан екі адам бөлініп кеткен. Ауылдан 1 км жерге барып, бас араздығын шешкен. Төбелесіп, нәтижесінде Мейірбек Жапсарбай оқиға орнында қайтыс болды. 

Полицейлер екі жігіт қызға таласып қырқысқан деген нұсқаны қарастыруда. Махаббат үшін болған жекпе-жекте, осалы опат болыпты. Бірақ, Мейірбектің жақындары бұған илана қоймады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде