Теміртауда көкек анаға іздеу жарияланды
Теміртауда қоқыс тастайтын жерден жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Пакетке салынған шақалақты көпқабатты үйдің алдын сыпырып жүрген жұмысшы тауып алған.
Автор: Саят Сабдалы
22.01.2014
Владимир Халиулин пакетті үйдегі күл қоқыс құбыр арқылы түсетін мына бөлмеден байқаған. Ашып қарай сала жанұшырып үй басқарушысына хабарлапты. Кейін полцейлер де жетіп, жан- жақты шолып шыққан. Пакет ішінде нәрестеден бөлек әйел адамның ішкиімдері мен гигиеналық заттары да жатыр. Айта кетерлігі, бұл Теміртауда соңғы 3 айдың ішінде табылған үшінші шақалақ. Оның біреуі ғана тірі күйде табылған. Мына жайт бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, баланың шешесі іздестірілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!