{metadescription}
0:000:00
 Ержан Өтембаев 7 жылдан соң қайта сотқа жеткізілді

Ержан Өтембаев 7 жылдан соң қайта сотқа жеткізілді

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына қатысты сот процесі тағы кейінге шегерілді. Себебі жәбірленуші тарап жаңа адвокаттың қосылуына байланысты қылмыстық іспен танысуға өтініш білдірген.

Сот алдында жауап беріп жатқан Сенат апппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев. 2006-шы жылы ол Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен 20 жылға сотталған. Процесс тек Бас прокуратура жаңа мәліметтер жариялаған соң жанданып отыр. Сарсенбайұлы мен оның екі көмекшісіне қару кезенген жендеттер бірнеше жылдан кейін нағыз тапсырыс берушінің есімін атаған. Олар Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздің комитетінің бұрыңғы басшысы Әлнұр Мұсаев. Екеуі де қазір шетелде бой тасалап жүр Ал бүгінгі процесте жәбірленуші тарап сотты шегере тұруды сұрады. Өйткені 38 томнан тұратын іспен толық танысып үлгермеген. Судья олардың талабын қанағаттандырып, келесі отырысты 27-ші қаңтарға белгіледі. Ал сот отырысына қатысуға  келген экс-депутат Елекеев  әу баста бір  шикіліктің  болғанын сезіп едім дейді.

Ирак Елекеев:

–Менде күмән болды. Бірақ 7-8 жылдан кейін осындай шығып отыр ғой. Оның ақ-қарасын әлі сот шешетін болады. Бүгінгі күні мен оны «ақтайы» деп отырған жоқпын. Әңгіме онда емес. Себебі тек бір бап бойынша айып тағылып отырған жоқ, бірнеше баппен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде