Кәсіптік білім берудің сапасы көтерілмек
Кәсіптік білім беру жолдаудан кейін жаңа қарқын алмақ. Бұдан былай кәсіптік және техникалық білімге болашақта мемлекеттің өзі кепілдік беріп, осы саладағылар тегін оқып шығады. Өскеменде Елбасы жолдауындағы кейбір басымдықтарды орындауға қазірдің өзінде кірісіп кетті. Нақтырақ айтқанда дуальды білім беру жүйесі мықтап қолға алынған.
23.01.2014
Жандос Тоқтарбек ауылдан қалаға білім іздеп келген жастардың бірі. Өз мүмкігін жақсы білгендіктен көп ойланбастан жұмысшы мамандығын таңдаған. Кәсіптік білім алып, «жұмысқа орналассам» деп армандайды. Қазір еңбек орны да дайын. Шахардағы алып кәсіпорындардың бірі оның оқу ақысын төлеп беруде, өндірістік тәжірибені де осы жерде өтеді.
Жандос Тоқтарбек, 1 курс студенті:
-Біздің мемлекетімізге бұндай мамандықтар өте қажет. Осындай мамандытарды меңгерген аламдар да қажет. Өзімді осындай адамдардың бірімін деп есептеймін.
Жолдаудағы міндетті орта-кәсіптік білім алу жөніндегі Елбасының айтқан сөзін мұндағылар үлкен қуанышпен қабылдап отыр. Бұл бірден жоғарғы оқу орнына түсіп теориядан мықты болып шығып, тәжірибесі ақсап жататын мамандарды азайтатын мүмкіндік дейді колледж ұжымы.
Сымбат Абдрахманова, колледж оқытушысы:
-Біздің жастар 10-11-ді бітіре салып, ЖОО-на түскісі келеді. Сол арқылы өз жолдарын тапқысы келеді. Тәжірибеге көп көңіл бөлінбейді. Ал осы кәсіптік уцилищелерде жұмыстың кәсібі тәжірибе арқылы бірінші орынға қойылып отыр.
-Мынау шеберхана оқу орнындағы ең жаңасы. Бұл жерде машина жасау саласына мамандарды даярлайды. Бөлме барлық қажетті техникамен жабдықталған, ал заманауи технологиялар арқылы оқушылар өз қолдарымен көлікке қажетті детальдарды әзірлеуге машықтануда.
Елімізде кәсіптік және техникалық оқу орындары дуальды жүйеге енді көшіп жатқан кезде, мұндағылар оның пайдасын іс жүзінде көріп отыр. Ірі өндіріс орындарының сұранысына сай топтарды даярлауда.
Шынар Кекубаева, колледж директорының орынбасары:
- Біз топты қабылдаған кезде оны зауыттың сұранысы бойынша даярлай бастаймыз. Және студенттер өндірістік тәжірибелерін сол зауытта өтеді. Тіпті мамандықтың теория жөніндегі лекцияларды зауыт мамандары келіп оқып тұрады.
Электрик, дәнекерлеуші, токарьлар мен ағаш ұсталарын машықтандыратын шеберханалардың біреуі де қазір бос тұрған жоқ. Білім ошағы осы кәсіптерді игеріп шыққан 500-ден астам түлекті жыл сайын өндіріске дайын маман ретінде ұсынып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!