{metadescription}
0:000:00
Кейуананы сотқа жалаң аяқ, жалаң бас сүйреп апарған

Кейуананы сотқа жалаң аяқ, жалаң бас сүйреп апарған

Ақтөбеде жетпістен асқан кейуананы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартты. Көршісінің жеті жасар баласына дауыс көтерген әжейді осылай тезге салмақ болыпты. Ең сорақысы «Алтын алқа» иегері Сәлима Мақаеваны учаскелік инспектор сотқа жалаң аяқ, желең көйлекпен сүйрелеп жеткізген. Тәртіп сақшылары мұндай қылыққа кейуана «қарсылық көрсеткен соң бардық» деп ақталып отыр.   

9 бала өсіріп, жиырмаға тарта немере сүйіп отырған Сәлима Мақаева бір күнде көршісінің кішкентай баласына ұрысқаны үшін жазықты болып шыққан. «Алтын алқаның» иегері учаскелік инспектордың араздасқандарды мәмілеге келтірудің орнына, қақаған аязда сотқа жалаң аяқ, жалаңбас, киімсіз сүйрелей жөнелгеніне ашынып отыр.

Сәлима Мақаева:

-Екі қолымды артқа бүйтіп бұрап екі полиция сүйреп далаға шығарды. Ал жолға дейін сүйреп апарды. Тырдай жалаңаш. Өмір бойыма біреудің бір затын ұрлаған адам емеспін, бір адамға жала жазған емеспін 70-ке келгенше осындай қорлықты  көрген жоқпын.

Кейуананы полиция қызметкерлері күштеп көліктеріне салып алып кеткенін ұлы-қыздары көршілерінен естіп білген. Бірнеше сағат бойы аналарын іздеп қаладағы барлық полиция бөлімшелерін шарқ ұрып аралапты.

Назгүл Оразова, С. Мақаеваның қызы:

-Төрт сағат жүріп әрең дегенде әкімшілік соттан тауып алдық. Үйге киетін халатымен сонда бүрсеңдеп отыр. 

Әйтсе де әжейдің үстінен шағымданған көршісі кейуананың ескертуінен ығыр болғандарын айтады. Сондықтан тәртіп сақшысының көмегіне жүгіндік деп отыр.

Асхат  Өтешов, көршісі:

-Көршіміз күн сайын ұрысып баламызға күн бермейді. Амалсыздан әйелім арыз жазды. Сотқа сырт киімсіз барса өзі кінәлі. Себебі бас тартқан өзі ғой.   

Әжей «сотқа сүйреп апарды» деп айыптап отырған учаскелік инспектор мына жігіт. Енді ғана жаңа қызметіне кіріскен Әлім Баймурзин бір күн бұрын әкімшілік хаттама толтырып, алдын-ала сотқа баратындарын ескертіп кеткенін айтады.

Әлім Баймурзин, учаскелік инспектор:

- Үйге кірдік, сөйлестік, түсіндіріп айттық заңды. Киімді берсек лақтырады, кимеймін дейді. Тыңдамайды айтқанды. Далада «салқы»н деп түсіндірсек айқайлайды біздерге, жұлқынып сөйлейді.

-Көршісінің баласына жекігені үшін Сәлима Мақаева енді 5 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Бірақ жасын сыйламамай, киімшең жетелей жүгірген тәртіп ақшысын жазалауды талап етіп отыр. Учаскелік инспектор үстінен өңірдегі құзырлы органдарға арызданыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде