Киевтегі шиелініс ушығып барады
Ал Киев орталығындағы тәртіп сақшыларымен болған қақтығыстан бес адам мерт болып, зарбап шеккендердің қатары артуда. Соңғы тәулік ішінде 75 шеруші қамауға алынған. Бірақ еуроинтеграция жақтастары алған бетінен қайтар емес. Қарсылықтарын одан бетер үдетіп жатыр.
Автор: Олжас Байжан
23.01.2014
Қала орталығы қою түтіннен көрінбейді. Атылған оқ, жарылған петарда, жанған доңғалақтар. Қазірдің өзінде жараланғандар саны 300-ден асқан. Бес адам бақилық болды. Ал оппозиция серкелерінің президент Виктор Януковичпен келіссөзі нәтиже берер емес. Бүгін олар қайта бас қосулары тиіс. Арсений Яценюк, Виталий Кличко мен Олег Тягнибок 24 сағат ішінде нақты жауап айтылмаса, ереуілдің үдейтінін айтып отыр. Оппозиция Үкіметті таратып, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді талап етуде.
Виталий Кличко, «Удар» партиясының жетекшісі:
–Бүгін Майданды «тазартып тастайын» деп жатыр. Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасап, олардың жоспарын іске асырмауға тырысуымыз қажет. Ал президент шешім қабылдап, ел алдына шықпаса барлығымыз оған барамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!