{metadescription}
0:000:00
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан наразылық білдірді

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан наразылық білдірді

«Антигептилдің» бір кісілік наразылық шаралары енді Алматыда жалғасуда. Бұл жолы Тәуелсіздік монументі алдында пикет ұйымдастырған ұйым жетекшісі Мұхтар Тайжан.

Мүгедек балалар осының бәрі. Бұл біздің қазағымыз ғой, жігіттер!

Осылай деп намысты қамшылаған қоғам белсендісі улы гептилмен ұшатын зымырандар ғана емес, Қазақстан аумағындағы Ресей жалға алған барлық полигонды жабуды талап етті. Сол сынақтардың зардабын әлі тартып жатқан бүлдіршіндердің суретін көрсетіп, экологиясы нашарлаған аймақтарда бедеуліктің белең алғанын ашына айтты. Құрсақ көтере алмай қиналған аналардың аманатын арқалаған ол мәселеге қоғам болып араласуға шақырды. Мұхтар Тайжан Кеден Одағына да қарсылығын білдірді. Мұны келмеске кеткен Кеңес Одағын қайта жаңғырту дейді қоғам белсендісі. Бір айта кетері, «Антигептилдің» Астанадағы белсенділерін ұстап әкетіп айыппұл салып жатса, Мұхтар Тайжанға тәртіп сақшылары тиіскен жоқ. Пикетті олар тек сырттай бақылады.     

Мұхтар Тайжан, «Халық альянсының» жетекшісі:

-Мен «Капустин Ярда» болғанмын былтыр. «Протон» құлаған кезде Байқоңырға да бардым. Өкінішке орай, ол жақта  мүгедек балаларымыз көп.  Біз Алматыда, Астанада тұрып, білмей жүрміз.. Бірақ, бәрібір осы «Капустин Яр», «Тайсоған», «Азғыр», «Ембі», «Сарыөзе» полигондары әлі жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде