Спорт жаңалықтары
Жерлестеріміз Абзал Рахымғалиев пен Денис Тен, мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында сәтті өнер көрсетуде. Қысқа бағдарламаны сәтті орындаған Абзал мен Денис дүбірлі доданың келесі сатысында бақ сынауға мүмкіндік алды.
24.01.2014
Қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша 76,34 ұпай жинаған Денис, бесінші орыннан табылды. 62,25 ұпай иеленген Абзал алғашқы сынақты 15-ші орынмен аяқтады. Жаттығу қорытындысы бойынша үздік 24 спортшы, осы сағаттарда еркін бағдарламадан сынға түсіп жатыр. Ал бірінші бағдарламадан кейін әзірге жапониялық Такахито Мура көш бастап келеді. 1999 жылдан бері үзбей өткізіліп жүрген төрт құрлық чемпионаты биыл Қытайдың Тайпейінде өтуде.
Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық чемпионаты өзінің шарықтау шегіне жетті. Қазірде ақтық сында өнер көрсететін тенисшілердің есімі белгілі.
Әйелдер финалында қытайлық Ли Намен словакиялық Доменика Цибулкова кездессе, ерлер арасында швейцариялық Станислас Вавринка мен испандық шебер Рафаэль Надаль биылғы чемпионаттың бас бәйгесін сарапқа салмақ. Вавринка жартылай финалда чех Томаш Бердыхтың алдын ораса, Надаль Роджер Федерерге еш мүмкіндік бермеді. Үш сетте де ширақ ойнаған испандық 7:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
“Барселона” футбол клубының президенті Сандро Росель өз қызметін босатты. 2010-шы жылы каталондық команданың басшысы болып тағайындалған ол трансфер дауынан кейін осындай шешім қабылдапты.
Естеріңізге сала кетсек Сандро Росельге клуб қаражатын қалтасына басты деген айып тағылған. Президент 21 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймарды 57 миллион еуроға сатып алғанын мәлімдеген. Бірақ кейін белгілі болғандай клуб бюджетінен 95 миллион жұмсалғаны анықталған. Қазірде іс жоғары сотқа жіберілген. Алайда Росельдің өзі тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!