«ТойBestStar» ұсынады
КТК арнасындағы соңы жоба қызыққа тола түсуде. Осы аптада «ТойBestStar»-дың құтты қонағы Дәулет Әбдіғапаров. Батырдай алып тұлғалы, баладай аңғал әртістің сіз білмеген қырлары сенбінің кешінде ашылмақ.
Автор: Елгүл Нұғман
24.01.2014
«Менің балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мың бала», «Адасушы», «Ликвидатор» фильмдері арқылы көрермен көзайымына айналған Әбдіғаппаров билегенде алдына жан салмайды. Кино әлеміндегі жолын комедия жанрынан бастап, қылмыстық рөлдерді сомдаған актер басқа да өнерімен көрерменді тәнті етпек. Ал, басында тігіншілікті ермек етіп, соңғы уақытта танымал жұлдыздарды сахналық киімммен қамтамасыз етіп жүрген Берік Исмайыловтың тағы қандай өнері бар? Танымал актер мен сәнгердің ашылмаған қырларын, айтылмаған сырларын сенбінің кешінде көріңіздер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!