Қашағанда мұнай өндіру қайта жанданбақ
Нұрсұлтан Назарбаев Давоста Қашаған мәселесін шешті. Кен орнында апат болып, мұнай өндіру қарқыны бәсеңдеп қалған еді.
Автор: Ербол Сейілхан
24.01.2014
Енді қайта жандануы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев Қашағандағы негізгі инвесторлардың бірі «Тоталь» компаниясының президенті Кристофер де Маржериге талап қойып мұнай өндіру көлемін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан президенті Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті. Жүздесуде Қазақстан мен Еуроодақ арасында визаны алып тастау мәселесі көтерілді. Бұдан басқа, дүниежүзілік сауда ұйымына өту, «Экспо-2017» көрмесін өткізу секілді тақырыптар да шет қалған жоқ. Елбасы 3 күнге созылған дүниежүзілік экономикалық форумның нәтижелі болғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Мәселелерді шешіп келе жатырмыз. Бұл жерде Еуропа, АҚШ, Қытайдың экономикасы қалай дамып бара жатыр, болашақта қандай қиындықтар бар деген сұрақтарға жауап алуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!