{metadescription}
0:000:00
Кезінде жұмыстан қуылған дәрігер қызметіне қайта орналасты

Кезінде жұмыстан қуылған дәрігер қызметіне қайта орналасты

Шымкентте анамен баланың өліміне қатысы бар деп бір кездері жұмыстан қуылған дәрігер қызметіне қайта орналасып, тіпті басшылардың қатарына кірген. Облыстық жедел-жәрдем ауруханасының қызметкері Владимир Нарижныйдың кесірінен бір отбасы жақындарынан айырылып, қара жамылғанын бір кездері түрлі басылымдар жарыса жазған еді. Тіпті, қайғылы оқиға болатын күні ол ішімдікке сылқия тойып алғаны да айтылған. Бірақ дәрігер 4 ай өтпей қызметіне қайт келіп алыпты.

Үш ұлдың анасы Шолпан Қаменованың өмірден озғанына екі жыл толды. Төртінші перзентіне жүкті болған 28 жастағы келіншек Төлеби ауданынан Шымкентке ауыр хәлде жеткізілген. Бірақ дәрігер қызметіне атүсті қарап, оның өміріне араша түсе алған жоқ. Сол кезде басты айыпталушы ретінде бас дәрігердің орынбасары Владимир Нарижныйлдың аты аталған. Бұл оқиғаны Рейтинг газеті де жазды сол кезде.

Бақытжан Әбдірашұлы, Рейтинг газетінің тілшісі

-Үш статья шықты. Алдында қызметінен кеткен кезде жаңағы жұмыс орнында мас болғандығы жөнінде біреу шыққан. 2012 жылдың қаңтар, ақпан айларында.

2012 жыл оңтүстікте ана мен бала өлімі жиілеп тұрған кез еді. Тілшілер бұл жәйтті жарыса жазған соң, бас дәрігердің оң қолы Нарижный ана мен баланың өліміне, не болмаса арақ ішіп алғаны үшін емес, 3 сағат жұмыста болмады деген себеппен қуылыпты. Алайда, көп өтпей-ақ бұрыңғы қызметіне қарапайым дәрігер ретінде қайта кіріп, аз уақытта бөлім меңгерушісіне дейін жоғарылаған. Бұл туралы тағы мақала шықты. Ал, жазған тілшіні басылыммен қоса Нарижный сотқа берген, Елбасының атына да хат жолдапты. Тек, дәрігер мақаланың өзегіне емес, жазылған тіліне өкпелеген.

Бақытжан Әбдірашұлы, Рейтинг газетінің тілшісі:

-Мақалада жазады. Неге мен туралы сын мақала, неге басқа тілде жазылады деген. Мен славян ұлтының өкілі, мен туралы мақала мен түсінбейтін тілде жазылады деген да.

Дәрігердің арызын қараған сот, жөнсіз тиіскені үшін оны кейін қабылдамай тастайды. Алайда, Нарижныйдың бәсі түгел болып шықты. Себебі, денсаулық сақтау басқармасы оның өткен ісіне өкпесі жоқ екенін айтып отыр.

Жұмағали Исмаилов, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:     

-Ол кісі жұмысын атқарып жатыр. Әрі қарай өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында ары қарай бөлім меңгерушісі болды. Одан да жоғарылап жатқан менің білуімше.

Жасы 64-ке шыққан Владимир Нарижныйдың өзінен мән-жәйді біле алмадық. Өйткені, тілшілермен тілдескісі келмеді. Есесіне, сөзге сараң дәрігер көп жазатын болып шықты. Бір соттан ұтылған зейнет жасындағы  дәрігер енді арызын Бас Прокуратураға жөнелтіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.