{metadescription}
0:000:00
Ауыз  суға жарымаған ауыл

Ауыз суға жарымаған ауыл

Шығыс Қазақстанда бүтін бір ауыл тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Елді мекендегі жалғыз құдықтан адам да, мал да ішеді. Лас судан Балықтыкөл тұрғындары енді түрлі дертке шалдығуда. Жұрт мәселесін айтып жергілікті әкімдікке талай рет барыпты. Шенеуніктер болса, азын-аулақ адамға бола ауылға су құбырын тартуды тиімсіз деп тапқан.

Балықтыкөл елді-мекенінің аты затына сай емес. Өйткені бүкіл ауыл шеттегі осы жалғыз құдықтан су алып ішеді. Оның өзі ағзаға өте қауіпті.

Рауан Қанатұлы, Балықтыкөл ауылының тұрғыны:

-Бұл құдық біреу ғана, малға да, адамға да! Бұның іші таза емес. Бактериялар, құрттар да бар. Дезинфекция жасалмайды.

Ауылда бір ғана су көзі болғандықтан оған келетіндер арнайы кесте әзірлеген. Түскі уақытта мұнда мал суарылады. Тұрғындардың кезегі содан кейін ғана.

-Астында көлігі бар бірен-саран тұрғын тіршілік нәрін 20 шақырым жерден әкеліп ішеді екен. Ал жағдай жоқтардың осы жалғыз құдықтағы лас суды пайдаланудан өзге амалдары жоқ.

Малы мен адамы суаттас ауылда түрлі дерт көбейген. Осында 15 жыл тұратын Гүлжан Жігітекова жақында ғана ауруханадан шығыпты. Әлі толық сауықпаған. Дәрінің түр-түрін ішіп жүр.

Гүлжан Жігітекова, Балықтыкөл ауылының тұрғыны:

-Осы судан мен өзім ауырып, асқазаным ауырып, больницаға түстім. Ішуге болмайды деп айтылған, бірақ халық бәрі бір ішіп жатыр. Өйткені басқа жерде су жоқ ішетін.

Жергілікті жұрт мәселесін айтып, әкімдіктен көмек сұрап барған. Бірақ олардың қарашаға қарасатын түрі жоқ.

Мәулетбек Матанов, Қапанбұлақ ауылдық округінің әкімі:

-Құбыр тартуға келе қоймас, ол Үкіметке үлкен шығын әкеледі. Азғантай ауылға 20-23 үйі бар ауылға құбыр тарту деген үлкен қаражат. Ол ақталмайды да.

Адам денсаулығын қаражаттан биік қойған шенділер ауылда терең құдық қазамыз деп отыр. Мұны әкімдік өз мойнына алмақ. Алайда, жылдар бойғы уәдеден жалыққан жұрт бұл әрекеттен де нәтиже шығарына күмән келтіруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.