{metadescription}
0:000:00
Тозығы жеткен үйдің тұрғындары наразылыққа шықты

Тозығы жеткен үйдің тұрғындары наразылыққа шықты

Павлодарда тозығы жеткен үйлердің тұрғындары наразылыққа шықты. Олар 10 жыл бойы шенеуніктердің айтқан уәдесіне сеніп шаршағандарын айтады. Былтыр саманнан салынған үйлердің орнына жаңасы тұрғызылуы тиіс еді.  Алайда, қыс ортасы болғанымен кешенді құрылыстың іргетасы әлі құйылып бітпеген. Соны көріп секем алған жұрт кезек жеткенше қирандының «астында қаламыз» деп,алаңдап отыр.

Болашақта бой түзеуі тиіс «Сарыарқа» ықшамауданының қазіргі сиқы мынау. Қабырғалары қақырап, шатырлары шытынаған саман үйлер. Сырты сұрықсыз болғанымен, ұятқа тырысқан тұрғындар там-тұмдап жиған нәпақаларын пәтерлерінің жөндеуіне жұмсап жатыр.

 «Төбені істейміз деп бәрі келіп,уәдені  үйіп-төгіп кетеді. Ешқандай көмек жоқ. Қашанғы өзіміз  жасай береміз?! Шатырымызды  істейміз деді. Түк бітірген жоқ.

Құрғақ уәдеге сеніп, күн кешіп жатқан жалғыз бұл отбасы емес. Былтыр ескі үйлердің алды бұзыла бастағандағы қуаныш көп ұзамай су сепкендей басылған. Жылға жуық уақыт өткенімен құрылысшылар жаңа  нысанның іргетасын әлі бекітпепті. Бірақ, әкімдік өкілдері нысан межелі уақытта тапсырылады деп сендіруде. Тура жарты жыл өткен соң.

Ертарғын Шахман, Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің бастығы:

«Бітірмесек, енді  үш ауысыммен жұмыс істеп бітіреміз. Бітіре алмасақ, мердігер компанияны  сотқа береміз.

Ал, уақыттан ұтылған өзге тұрғындар мұны жайбасарлыққа балап,   өнбей қойған тірліктерінен түңіліп отыр. Жермен-жексен етілген бесеуінен бөлек, қазір кезекте тұрған 154 үй бар екен.

Үміт Махамбетова, тұрғын:

-Неше түрлі әкімдер келеді жаңадан. Ешқайсысы ештеңе істемейді. Балалар ойнайтын жер жоқ. Төбемізден су ағып жатыр.  

Осылайша, саман үйлерден сары уайыммен шыққан жұртшылық  әкім-қаралардың тиіп-қашпа жұмысын сынға алды.Айта кетерлігі, құрылысы бәсеңсіп тұрған алғашқы үйдің салынуына бақандай 888 млн теңге бөлініпті. Бірақ, біткен шаруа жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.