Ақмола облысында эпидемия тағы белең алды
Калачи ауылында тұрғындар белгісіз аурудан жаппай естерінен танып құлап жатыр. Оқиға орнына облыс орталығынан денсаулық сақтау басқармасы мен СЭС қызметкерлері аттанып, дерттің қайдан пайда болғанын шұғыл анықтауға кірісті.
Автор: Ербол Сейілхан
24.01.2014
Ал белгісіз сырқатқа шалдыққандарың саны күн санап өсіп келеді. Қазір ауруханада 6 адам жатыр. Екеуі 13 жасар бала. Олардың бастары айналып, қан айналымы әлсіреп, тыныстары тарылған. Дәрігерлер де, нақты диагноз қоя алмай отыр. Сондықтан, халық науқастарды арнайы санитарлық авиациямен облыс орталығы Көкшетауға жеткізуін талап етуде. Аты жоқ аурудың қайталануы алғаш рет емес. Былтыр да 12 тұрғын өздерін жайсыз сезініп реанимациядан бір шыққан болатын. Ал жергілікті жұрт бұл «радиацияның кесірі» деп отыр. Себебі ауылға жақын жерден уран өндірілген.
Надежда, Якимова, Калачи ауылының тұрғыны:
-СЭС ауадан, судан, қардан сынама алып жатыр. Тіпті адамдардан қанын алып құрамын тексеруде. Одан түк нәтиже болмайды. Кезінде кеніш жабылғанымен уран қалдықтарын дұрыс көмілмей қалған. Радиациядан адамдар инсульт болып жатыр. Өміріміз үшін алаңдай бастадық. Көмек сұраймыз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!