{metadescription}
0:000:00
Сотта Бергей Рысқалиевтің былықтары ашылып жатыр

Сотта Бергей Рысқалиевтің былықтары ашылып жатыр

Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің сыбайластарына қатысты сот процесі жалғасуда. Жарты сағатқа кешігіп басталған бүгінгі отырыста 52 томнан асып жығылатын айыптау қорытындысы оқылды. Сот алдында жауап беріп жатқан 22 сыбайлас облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің командасында қазына қаржысын миллиардтап қалтаға басқан. Барлығы кезіндегі лауазымды шенеуніктер, белді кәсіпкерлер. Ал басты айыпталушы Рысқалиев пен інісі Аманжаннан сол күй хабар жоқ. Қаржы полициясы оларды халықаралық іздеуге берген.

-Бүгін екінші рет өткен сот процесі кейбір айыпталушылар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Себебі, судья олардың кейбірінің кеше берген өтініштерін қанағаттандырды. Нәтижесінде сотқа қосымша куәгерлер шақырылып, маңызды құжаттар жинақталатын болды.

Ал кейбір айыпталушылардың бүгін судья жазасын уақытша болса да жеңілдетті. Экс-әкімнің сыбайласы ретінде үйқамақта отырған екі кәсіпкер әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босталып отыр. Тек жеңілдік бәріне бірдей емес. Өтініші өзгеріссіз қалғандар қатарында Бергей Рысқалиевтың бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов те бар. Оның «аптасына 3 рет серуенге шығу» туралы арызын судья құптамады. Соттан жеңілдік ала алмағандарына қапалы ма, қазір үйқамақта отырған Атыраудың бір кездегі жақсы мен жайсаңдары тілшілермен тілдесуге де құлықсыз.

-Әзір, ештеңе айтпаймын.

-Жоқ, бізге сұхбат беруге болмайды ғой.

Есесіне, адвокаттар ашылып сөйлесті. Айтуларынша, сот процесінде әзірге ешқандай заңсыздық байқалмаған.

Игорь Вранчев, адвокат:

-Бірнеше өтінішімізді қанағаттандырды, кейбірі өзгеріссіз қалды. Дегенмен, әлі де бірнеше өтініш бермекпіз судьяға. Процесс қалыпты жағдайда өтуде.

Жалпы, бүгінгі айыптау қорытындысында Бергей Рысқалиевтің өз қарамағындағыларға қандай қызметтер үлестіргені, олардың көмегімен мемлекет қаржысының қалайша талан-таражға түскені жан-жақты айтылды. Мысалы, Рысқалиевтің бірінші орынбасары болған Болат Дәукенов қылмыстық топтың барлық қадамын бақылап отырса, қаланың экс-әкімі Асқар Керімов жалған құжаттар мен хаттардың орындаушысы, ал Бергейдің тағы бір орынбасары Асқар Әбдіров мемлекеттік нысандарды жекешелендірумен айналысқан. Яғни «бармақ басты көз қыстымен» тендер таратумен айналысыпты. Тек прокурордың осындай барлық айыптауларын тілшілерге көрші бөлмедегі монитордан тыңдауға тура келді.

Айта кетсек, Бергей Рысқалиевтың сыбайластары ретінде қазір сот алдында 22 адам жауап беріп жатыр. Барлығы кезіндегі лауазымды шенеуніктер, өңірге белгілі кәсіпкерлер. Қылмыстық іс 777 томға жүк болған. Тек сотқа әкелінген прокурорлардың айыптауларының өзі 52 том. Бүл азаматтар Рысқалиевтің кезінде қазынаны талан-таражға салып, мемлекетке 71 млрд теңге зиян келтірді деп айыпталуда. Бергейдің өзі мен інісі, экс-депутат Аманжан Рысқали бастаған 11 адам әлі халықаралық іздеуде жүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.