Сотталғандар тағы бүлік шығарды
Атыраудағы тергеу изоляторында шу шықты. Қамаудағы 20-ға жуық адам ішкі тәртіпке қарсылықтарын білдіріп, тамырларын кескен. Олар абақтының терезесінен қанға боялған жайма шығарып, сырттағылардан көмек сұрады.
Автор: Жанар Низамутдинова
27.01.2014
Күдіктілердің тума-туыстарының айтуына қарағанда, абақты басшылары тұтқындағылармен бірнеше күннен бері кездесуге рұқсат бермеген. Әкелген тамақтарын да қабылдамапты. Ішке кірмек болғандарға тәртіп сақшылары күш көрсетіп, қуып шыққан. Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері қандай да бір мәлімет таратуға құлықсыз. Қазір тергеу абақтысындағы тәртіпсіздікке қатысты тексеруді облыстық прокуратура бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары