{metadescription}
0:000:00
Спортқа бөлінген қаржыны жеп қойған жаттықтырушы ұсталды

Спортқа бөлінген қаржыны жеп қойған жаттықтырушы ұсталды

Оңтүстік Астананың басты баскетбол командасы “Алматы” клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы құрықталды. Ол «бюджеттен ойыншылардың іс-сапарына» бөлінген қаржыны мақсатсыз рәсуа қылған деп айыпталуда.

Тергеу орындары Игорь Тихоненконы өткен жылдың 20 желтоқсанында халықаралық іздеуге жариялаған. Қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тығылып жатқан ол арада бір ай өткенде құрықталып отыр. Бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатсыз рәсуа қылды деп айыпталған жаттықтырушының айыбы тіптен ауырлауы мүмкін. Өйткені баскетбол клубының жаңадан келген басшылығы Тихоненко мен бұрынғы директордың команда қамбасына келтірген зардабы 16 миллион теңгеден асып жығылады дейді. Қазір олар құқық қорғау орындарына қажетті құжаттарды дайындауда. Әзірге іс қолда бар дәлелдермен сотқа тапсырылмақ.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде