{metadescription}
0:000:00
Лаңкес Хайровтың келіншегі  өтемақы өндіре алмады

Лаңкес Хайровтың келіншегі өтемақы өндіре алмады

Саян Хайровтың әйелі екі бірдей соттан жеңіліс тапты. Күйеуі былтыр Іле Алатауы ұлттық паркіндегі қырғынға қатысы бар лаңкестік топтың жетекшісі ретінде 11 жылға қамалғанда, Шынар Бисенбаева апелляциялық шағым берген болатын. Кейін күш құрылымдарының арнайы операциясы кезінде өлген ұлының құнына Ұлттық қауіпсіздік қызметінен 20 млн. теңге талап еткен. Бірақ сот екі талап-арызды да қанағаттандырған жоқ.

«Күш құрылымдары баламды өлтірді» деген Шынар Бисенбаеваның арызы ақыры бүгін қанағаттандырылусыз қалды. Келіншек Ұлттық қауіпсіздіқ қызметінің «Арыстан» арнайы жасағынан ұлының құны есебінде талап еткен өтемақысын да өндіре алған жоқ.

- 20 млн.теңге  моральдық өтемақы төлеу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартуға шешім шығарды.

Судьяның бұл шешімін тек жауап беруші тарап пен тілшілер ғана тыңдады. Өйткені дәл осы уақытта қалалық сотта да Бисенбаеваның отбасына қатысты тығы бір іс жүріп жатқан еді. Яғни, күйеуі Саян Хайровтың апелляциялық шағымы қаралды. Бірақ келіншек мұнда да жеңіліс тапты. 

-Хайров Саян Мақсұтұлының үкімі өзгеріссіз, соның адвокаты Бұлхайырдың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалды.

Шынар Бисенбаева, С.Хайровтың жары:

- Бірақ мен өзімді жеңілдім деп есептемеймін. Аллах менің баламның өліміне қатысы бар адамдарға жазасын береді ерте ме, кеш пе!

Естеріңізге салсақ, 2012 жылдың тамызында Алматы іргесіндегі «Таң» саяжайында ланкестік топты құрықтау операциясы өтіп, 13 адаманың көзі жойылған еді. Марқұмдардың екеуі жас бала болып шыққан. Соның бірі 11 жастағы Ислам - Саян Хайровтың ұлы. Кейін көпке бармай содыр әкенің өзі де Қырғызстанда қашып жүрген жерінен ұсталды. Сөйтіп, 11 жылға сотталған-ды. Бірақ Хайровтың адвокаты үкімді өзгеріссіз қалдырған бүгінгі сот шешімінмен келіскісі жоқ.

Жандос Бұлхайыр, С.Хайровтың адвокаты:

-Істегі 35 куәгердің сотқа жартысын шақырды да, жартысын шақырмай қойды. Соның ішінде осы бап бойынша басты куәгер Жүсіпов. Ол қазір Атырау облысында сотқа тартылып жатыр екен. Бұл жолы оны сотқа шақыруға мүмкіндік бар еді. Бірақ сот өтінішімізді тағы қанағаттандырмады.

-Осылайша Саян Хайровтың әйелі екі бірдей соттан да жеңіліс тапты. Бірақ келіншек: «Құзырлы орындардан ұлының құнын төлетпей, күйеуін темір тордан босатпай тынбаймын», - дейді. Сондықтан авдокатымен ақылдаса келе, істі Жоғарғы сотқа жолдауды ұйғарған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде