{metadescription}
0:000:00
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Футболдан 21-жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Достастық кубогының ширек финалына жолдама алды. Топтық кезеңнің соңғы матчында біздің жігіттер “Латвия” құрамасымен тең ойнады.

Тартысқа толы бәсекеде есеп ашылған жоқ. Бұл нәтиже Қазақстандық футболшылардың келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді. Бұған дейін “Беларусь” құрамасына 4:1 есебімен жол берген жерлестеріміз, “Мәскеу” командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын. Осылайша үш кездесуден кейін 4 ұпай жинаған қазақстандықтар турнирды жалғастыратын болды. Біздің құрамадан бөлек ширек финалға Ресей, Украина, Латвия, Эстония футболшылары шықты.

 

Аргентинада мәресіне жеткен «Тур Сан -Луис» көпкүндігінде Movistar клубының өкілі, колумбиялық велошабандоз Найро Кинтана топ жарды. Жеті кезеңнен тұратын велододаға қатысқан «Астана» сапында жоғары нәтиже көрсеткен Микеле Скарпони 23-ші орынннан табылды. 

«Астананың» намысын қорғап жүрген италиялық велошабандоз жеңімпазға 9 минут 56 секунд ұтылды. Көпкүндіктің соңғы кезеңінде «Лямпре» құрамындағы италиялық Саша Модоло үздік шықты. Словак Петер Саган мәре сызығын екінші кессе, аргентиналық Максимилиано Рекидзе үшінші нәтиже көрсетті. Көмбеге жеңімпаздан жеті секунд кешігіп жеткен астаналық Танел Кангерт 26-шы орынды місе қылды.

 

Аралас жекпе-жектен Ресейдің аты шыққан мықтыларының бірі Александр Емельяненко, Санкт-Петербургте украйналық Дмитрий Сосновскийден жеңіліп қалды. Көпшілік асыға күткен «Колизей» турнирі аясындағы орталық матч көпке созылған жоқ.

Тәжірибелі қарсыласын бірден жерге алып ұрған Сосновский, партердегі ұтымды сәтті епті пайдаланып кетті. Қатты соққылардың астында қалған кіші Емельяненко, Сосновскийдің төмпешінен еденді қағып құтылды. 1 минут 45 секундқа созылған бүгінгі кештің орталық бәсекесі техникалық нокаутпен аяқталды. Әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы Александр Емельяненко осымен жетінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін 2012 жылы америкалық Джефф Монсоннан ұтылғаны есімізде. Ал, бүгінгі кездесуді қосқанда аралас жекпе-жектен сегіз кездесу өткізген 24 жастағы Сосновский, оның бәрінде жеңіске жеткен.
  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде