{metadescription}
0:000:00
 Мәдениет сарайының ауласына тұрғындар дәрет сындырып жүр

Мәдениет сарайының ауласына тұрғындар дәрет сындырып жүр

Құны қымбат құрылыс. Павлодарға іргелес Ленин ауылында жұрт жаңадан тұрғызылған мәдениет үйіне қатысты наразылықтарын білдірді. Нысанды салуға бюджеттің 430 млн теңгесі жұмсалған. Бірақ мол қаржы неге екені белгісіз  су құбырын жүргізуге жетпей қалыпты. Ашылу салтанатында әкімдер «бәрі қаладағыдай керемет болады» деп сендірген. Алайда онысы өтірік боп шықты.  

Шу тудырған мына мәдениет үйі «Жетінші ауыл» аталып кеткен Ленин кентінде тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған. Қызыл лентасын тіпті сол кездегі облыс әкімі Ерлан Арынның өзі кескен еді. Тұрғындар жаңа мәдени ошақтың ашылғанына қуанышты әрине. Тек жұмсалған қаражатты естігенде жаға ұстады. Анау-мынау емес бақандай 430 млн теңге.

Сейілхан Сейсембаев, Ленин кентінің тұрғыны:

-  Ана жолы  әкім халыққа есеп берді. Мәдениет үйін салып бердік деді. Бірақ қанша ақша жұмсалғаны туралы айтқан жоқ.

Шенеуніктер сонша қаржы жұмсалған нысанда барлық жағдайдың жасалғанын айтқан. Сөйтсе, кәдімгі су құбырының өзі тартылмапты. Жылтыратып салып қойған дәретханалары  енді соның кесірінен істемейді. Келген қонақтар дәретті сол күйі далаға сындырып жүр. Ауыл тұрғындары олқылықтарды айтып өңір басшысына дейін барған екен. Бірақ мардымды жауап ала алмаған. Ауыл әкімі болса, наразылықтың орынсыз екенін айтып отыр.

Жеңіс Әбікен, Ленин кентінің әкімі:

-Халықпен әр бір есептік кездесуде осы бір мәселелер көтеріледі. Бірақ, үкімент тарапынан бұл көтерілген мәселелер біртіндеп шешіліп жатыр. Шешімін тауып жатыр. Яғни, келесі жылы, амандық болса, ауыз су мәселесі шешіледі деген ойдамыз.

Сайып келгенде, ай жарым уақыт бойы тасынды сумен қамтылып келген мәдени ошаққа енді кем дегенде бір жыл құбыр тартылмайды.

Мұның орнына жабық мұз айдынын салу керек еді. Не мынау?

100 жылдық тарихы бар кент өңір орталығының аумағына кіргеннен бері талай түйткіл көтерілген. Іші сыңғырлап тұрған мәдениет үйінің тұрғызылуын сегіз жыл бұрын сұрапты.Бірақ, қалаға сай ғимарат күткенімен, үш миллион долларға қалқайған мына ауылдың клубы салынған.

-Осылайша, қыруар қаржы «желге ұшты» деп дабыл қаққан тұрғындар әкімдікпен бір мәмілеге келер емес. Шығын есебінің тізімін көрмейінше Мәдениет үйінің табалдырығын «аттап баспаймыз» деп отыр. Қалай дегенмен, ат төбеліндей топтың күмәні жуық арада сейілмейтін сыңайлы. Себебі, салақ құрылыстың салдарын анықтау әлі жарты жылға созылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде