{metadescription}
0:000:00
Сотталғандарға туыстарымен кездесуге,үйінен азық алдыруға тиым салынуы мүмкін

Сотталғандарға туыстарымен кездесуге,үйінен азық алдыруға тиым салынуы мүмкін

Еліміздің қылмыстық атқару жүйесінде ауқымды реформалар басталмақ. Енді түрмеге сәлемдеме ретінде азық-түлік жіберуге тиым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, жазасын өтеушілердің туыстарымен кездесу уақыты қысқартылады. Тіпті абақтыда ұялы телефонмен сөйлесуге шектеу қойылмақшы. Ішкі Істер министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Алайда бүгін Мәжілісте таныстырылған құжаттың соңы дауға айналды.

Енді жазасын өтеушілер үйінен келетін осындай азық-түлік толы  дорбаларды ала алмауы мүмкін. Себебі сәлемдеменің ішіне есірткі жасыратындар көп. Осыны желеу еткен Ішкі Істер министрлігі тек дәрі-дәрмек мен медициналық препараттарды өткізуге рұқсат етпекші. Бұдан-былай сотталғандар керек-жарағын төлем картасына аударылған ақшаға сатып алуы тиіс. Бұл үшін олардың еңбегіне төленетін ақы көтерілмек. Ал дүкендер  түрме ішінен ашылады. Алайда, мұндай бастама депутаттарға жағып отырған жоқ.

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

-Ондағы азық-түлік бағасын кім реттейді? Мерзімі өткен сапасыз тауарлар түрмеге жеткізілсе не істейміз? Мұны кім бақылайды?

Құжатты қорғауға келген Ішкі Істер вице-министрі бәрін «қатырамыз» деп отыр. Құзырлы орган жазасын өтеушілердің туыстарымен кездесу уақытын 3-тен 1 тәулікке дейін қысқартпақ. Сондай-ақ, ұялы телефонмен тілдесуге мүлдем тиым салуды көздеп отыр.

Амантай Күренбеков, Ішкі істер вице-министрі:

Түрлі жолдармен ұялы телефон жасырын өтіп жатыр. Сол телефонмен сырттағы адамдармен сыбайластарымен, байланысады. Басқа да қылмысқа қатысып отырады.

Бірақ,оны іске асыру тетіктері қарастырылмаған.  Ұялы байланыс операторларының  түрмелерді желіден ажыратып тастауға техникалық мүмкіндігі жоқ. Себебі жақын маңдағы елдімекендермен  байланыс үзіледі. Ал жаңа кодекске  қарсылық білдіргендер де, табылып жатыр.

Анар Ибраева,құқық қорғаушы:

- Жазасын өтеушілердің туысқандарымен кездесуін шектемеу қажет. Әйтпесе, олар өздерін жоғалтып алады. Сосын адам санатына қалай қосамыз? Ет-жақындары келсе, өмірге құлшынысы артып бостандыққа шығуға ұмтылады ғой.

-Осылайша, қылмыстық атқару жүйесіне енгізілетін өзгерістер дау тудырып үлгерді. Үлкен шуға ұласқалы тұрған жаңа кодекс негізінен Батыс елдерінің тәжірбиесіне сүйеніп жазылған.Бірақ құқық қорғаушылар дамыған Еуропа мен Қазақстанның түрмелерін салыстыру «қисынсыз» деп отыр. Оның үстіне алғашқы тыңдалымда құжат депутаттардың да көңілінен шықпады. Сондықтан Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі Істер министрлігінің ұсыныстары қабылданбай қалуы да әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде