Инкассаторлардың өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Алматыда «Travel Express» компаниясының күзетшілеріне қарақшылық шабуыл жасағандар ісі жуық арада сотқа жетпек. Тергеудің соңғы қорытындысына сәйкес, жауапқа екі емес, үш адам тартылады.
Автор: Құралай Пионер
28.01.2014
Әлішер Мырзаханов, Алматы қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:
- Қылмыстық іс бізге 27-ші қаңтарда келіп түсті. Яғни, 10 уақыт ішінде қалалық прокуратура оның заңдылығын тексеріп, сотқа жолдайды. Тергеу барысында осы екі адамға көмектескен үшінші, бұрын бірнеше мәрте сотты болған адам ұсталды.
Сондай-ақ, бұл істе 3 күдіктіден өзге күзетшілер қызмет еткен мекеменің де басшылығы жауапқатартылмақ. Қауіпсіздік ережесін бұзып кәсіби инкассаторлар міндетін жай адамдарға жүктегені үшін. Былтыр қыркүйек айында Алматыдағы Республика алаңы маңында орналасқан «Travel Express» туристік компаниясының екі қызметкеріне қарулы шабуыл жасалған еді. Салдарынан бір күзетші өліп, екіншісі ауыр жараланған. Бірақ қарақшылар ақшаны алып үлгермеді. Ал өздері көпке ұзамай қолға түскен болатын. Үш сыбайлас та қылмыстарын толық мойындапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!