Ақтүтек бораннан тұтас ауыл қар құрсауында қалды
Ақмола облысындағы шалғайдағы ауылдарға шұғыл көмек қажет! Мұндағы елді-мекендер қар құрсауынан шыға алмай, дәрі-дәрмек пен тамақтан тарығып жатыр. Солардың бірі - Жақсы ауданындағы Қалмақкөл ауылы. Телефон арқылы тілдескен 100 шақты адам ауылдағы жолдың қардан тазармағанына бір айдан асып кеткенін айтып, көмек сұрауда. Өйткені жұрт аудан басшыларынан күдер үзген.
Автор: А.Тұрғынбекқызы
28.01.2014
-Осы жерден Қалмақкөл ауылы 12 шақырым жерде ғана. Олар 40 күннен бері ауылдан шыға алмай жатыр. Қар құрсауында жатқан Қалмақкөлге сырттан да адам қатынай алмайды. Тұрғындардың ендігі үміті аудан әкімінің кезекті есеп беру жиыны еді. Бірақ көрші округта өткен жиында қалмақкөлдіктерді есіне алған жан болмады.
Жақсы ауданының әкімі Қанат Сүйіндіков халыққа берген есебіне үңіліп, бүгін кабинетінде алаңсыз отыр. Жылына бір рет өткізілетін әкімнің осы жиналысына көп елді-мекеннің тұрғындары биыл қатыса алмады.
Бақытжан Өтешов, Қалмақкөл ауылының тұрғыны?
-Не әкімге, не Үкіметке керек емеспіз. Есептен шығарып тастаған ауыл болдық қой.
Арқаның бораны тыншығалы бір апта. Бірақ, ауылдарға ат ізін салған жан жоқ. Қазір Қалмақкөл, Маховое ауылдарының тұрғындары дәрі дәрмек пен тамақтан тарыға бастаған. Ал нанды жаяу жалпылап тасып күн көруде. Оның өзі күре жолдың іргесіндегі ауылдар ғана.
Бағыш Әбішова, Қызылқайнар ауылының тұрғыны:
-Ашат деген жол әлі ашылмай жатыр.
- Әкімнің есебіне бардыңыз ба?
Барған жоқпыз,біздің ауылдан ешкім де барған жоқ.
Бізді кім апарады онда, жол жоқ.
Аталғанауылдар Чистополье-Жақсы тас жолы бойында жатыр. Бұл жолдың да тазартылмағанына бір айдан асып барады екен. Ал Жақсы ауданының әкімі «техникам жоқ»,- деп қол қусырып отыр.
Қанат Сүйіндіков, Жақсы ауданының әкімі:
- Менде ештеңе жоқ, енді біз не істейміз?
Техниканы сылтауратқан әкім, Қалмақкөлдегі жұрттың жайын білмек түгілі жылы кабинетінен сол күйі шыққан жоқ. Сондықтан көлік қатынасы тоқтаған ауылға өзіміз ат жегіп баруды ұйғардық. Бірақ, омбы қарда жылқылар да малтығып жүре алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!