"Жыл боксшысы" анықталды
Астанада екі күннен кейін теннистен Дэвис Кубогы аясында Қазақстан мен Бельгия құрамалары өзара кім мықтылы анықтайды. Әлемдік топтың алғашқы кезеңіне жерлестеріміз қызу дайындалуда.
29.01.2014
Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Евгений Королев және Денис Евсеев алдағы бәсекеде аянып қалмаймыз деп отыр. Десе де Давид Гоффен бастаған бельгиялықтар да осал емес. Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев бұл жұпта фаворит жоқ екендігін, және екі команданың да мүмкіндіктері тең екендігін жеткізді. Қазақстан мен Бельгия арасындағы командалық кездесу 31-ші қаңтар мен 2-ші ақпан аралығында Астанадағы ұлттық теннис орталығында өтеді. Команда капитаны тәжірибелі тенисшілерден бөлек құрамаға тұңғыш алынған Денис Евсеевке де сенімді.
Диас Досқараев- Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:
- Денис Евсеев- өсіп келе жатқан талантты бала. Ол өзі қуанышты шығар. Командамен үш төрт жыл бойы жаттығып Испанияда шеберлігін шыңдаған.
Бокс тақырыбына қалам тартатын Американың журналистер қауымдастығы бірнеше номинация бойынша жылдың үздіктерін атады. Спорт журналистері «Жыл боксшысы» атағына Флойд Мейвезерді лайық деп таныпты.
Осы номинация бойынша онымен таласқа түскендер арасында Адонис Стивенсон, Тимоти Брэдли, Дэнни Гарсия және жерлесіміз Геннадий Головкин болды. Кіші Флойд Мейвезердің бапкері Фредди Роуч та әріптесерінен озып шықты. Ол осымен алтыншы рет жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. «Жыл менеджері» номинацияында журналистердің таңдауы Бейбіт Шүменовтің менеджері Эл Хэймонға түсіпті. Ал Тимоти Брэдли мен Руслан Проводников арасындағы кездесу «Жыл жекпе-жегі» деп танылған.
«Барыс» тұрақты чемпионаттың өз айдынында өткен соңғы бәсекесінде Ханты-Мансийскінің «Юграсынан» басым түсті. Бүгінгі ойындағы алғашқы гол көп күттірген жоқ. Кездесудің бірінші минутында Николай Антроповтан жеткен шайбаны қақпаға тоғытқан Роман Старченко көзге түсті.
Жылдам гол жіберіп алған қонақтар, алғашқы үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Дегенмен екінші кезеңді ширақ бастаған жерлестеріміз айналдырған бір жарым минуттың ішінде «Юграны» екі рет қапы қалдырды. Алдымен Михайл Рахманов одан кейін Николай Антропов мергендік танытты. Қарап қалмаған қонақтар кездесудің 32- ші минутында Артем Булянскийдің көмегімен есепті қысқарта түсті. Алайда араға екі минут салып Брэндон Боченски таблодағы есеп айырмашылығын қайта екі шайбаға арттырды. Матч соңына дейін тағы бір шайбаман жауап қайтарған «Югра» Астанадан ұпайсыз қайтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!