Ұйқы басып есінен танып жатқандарға әлі диагноз қойылған жоқ
Отандық дәрігерлер Ақмола облысында тараған белгісіз аурудың себептерін анықтай алмай жатыр. Мамандар Калачи ауылы тұрғындарынан қан алып, ішіп отырған ас-суына дейін тексерген. Тіпті ауа мен топырақтан сынама алса да, нақты диагноз қоя алмауда.
Автор: Гүлнұр Имандосова
29.01.2014
Бастары айналып, қан айналымы әлсіреп, естерінен танып құлаған науқастардың қазір беті бері қарай бастапты. Ал індет тараған елді-мекенде санитар-дәрігерлерден бастап ғалымдарға дейін жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, аты жоқ ауру Калачи ауылында осымен екінші рет қайталанып отыр. Жұрт бұл «радиацияның кесірі» дейді. Себебі ауылға жақын жерден 30 жыл бұрын уран өндіріліп қалдықтары дұрыс көмілмей қалған. Алайда, коммиссия эпидемияны радияциямен мүлдем байланыстырғысы келмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!