Елімізде аяқ-қолы қақсап ауыратын балалар көбейген
Кәрілердің дертіне тап болған бүлдіршіндер. Елімізде аяқ-қолы қақсап ауыратын балалар көбейген. Буын ауруының, бұлайша, балаға жабысуына салқын тию себеп. Жылуы жоқ киімнен өткен суық сүйекке жетіп, бұлшық еттердің шаншуына әкеліп соқтырған. Әбден асқынған ревмотизм салдарынан, балдырғандардың кейбірі, тіпті, жүре де алмай қалған. Сай сүйегі сырқырап, сабағынан да біржолата қол үзгендері бар.
Автор: Аруна Ортай
29.01.2014
Қалмырза төсегінен әрең тұрады. Тізесі қақсағанда бала өзін қоярға жер таппай, сыздаған жерін еріксіз уқалай жөнеледі.
Ащы дәрінің дәмін мұнда, тіпті, 1 жасар бала да татып жүр. Мәдина 8 айлығында артрит ауруына ұшыраған екен. Алғашқыда аяғы ісіп, көп ұзамай, қолы да қақсайтын болған. Дертін дәрігерлер тек бала жүруден бас тартқанда ғана біліпті.
Оля Қайырбек, Мәдинаның анасы:
-Жүре алмай қалды қызым. Жылап, көтере алмай қалдым, былай көтерсем жылайды, былай да көтерсем жылайды. Біресе жүрегі дейді, біресе бүйрегі дейді, біресе былай айтады. Сосын аяғында сұрасам білмейміз дейді, диагнозды білмейміз дейді.
Бұрын соңды буын дерті балалар арасында болмаған. Ал қазір мың шақты бүлдіршін зардабын тартуда. Көбісі, жұқа киініп жұқтырған. Сырқаттың сорақысы сол, сүйекке жабысып қана қоймай, өмір бақи мүгедек те етеді.
Болат Хабижанов, бас ғылыми қызметкер:
-Аурудың өзін жазғанымен буындары қисайып қалады, орнынан тайып кетеді. Соның бәрін қалына келтіру керек. Жүріс-тұрысы баланың дұрыс емес, бүгіліп қалған, соны жазу керек. Оны дәрімен жазбайсың.
Дәрігерлер дәріні тек ауруды азда болса жеңілдету үшін салады. Кілең күшті препараттың біреуінің ғана құны 130 мың теңгеден кем емес. Арнайы жаттығу құралдары да мұндағыларға аса қат. Өйткені, ауруы асқынған бүлдіршіндер күннен күнге көбейіп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!