{metadescription}
Жарылыстан ауыр жараланған келіншек көз жұмды
Осы Қарағандыдағы дәмханада болған жарылыста жараланған әйел ақыры ес жимастан ауруханада қайтыс болды. 23-ші қаңтар күні қала ортасындағы дәмханада газ жарылып, 10 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген-ді. Үшеуі жансақтау бөліміне түскен. Алайда денесінің 70 пайызы мен тыныс алу жолдары күйіп кеткен 56 жастағы аспаз әйел сол күйі көзін аша алмай кетті. Қалған екеуінің де халі мәз емес.
Автор: Саят Сабдалы
29.01.2014
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!