{metadescription}
0:000:00
 Гүлдира Сәкенованың әкесі азғындарды өлім жазасына кесуді сұрады

Гүлдира Сәкенованың әкесі азғындарды өлім жазасына кесуді сұрады

Ақтөбеде оқушы қызды айуандықпен өлтіргендерге қатысты сот   басталды. Сергей Наумцев пен Виктория Савичке екі бірдей бап бойынша айып тағылып отыр. Олар 15 жастағы Гүлдира Сәкенованы зорлап, артынан буындырып өлтірген. Марқұмның туыстары алқа билерден қаскөйлерге ең ауыр жаза тағайындауды талап етуде.

-Жантүршігерлік бұл оқиға естіген жұртты бей-жай қалдырмады. Алғашқы сот отырысына қатыспақ болған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің де қарасы көп. Әйтсе де жәбірленушінің кәмелетке толмағанына байланысты сот жабық қаралатын болды.

Бұған дейінбасты күдіктінің бірі алқа билерге жүгінуден бас тартқанымен, сыбайласының өтініші бойынша талабы қабылданбады. Бүгін түске дейін алқа билердің құрамы іріктелді. Сексен адамға шақырту жіберілгенімен, сотқа олардың елуі келді.

 Нұрлан Сұлтанов, Ақтөбе облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың төрағасы:

-Алқа билердің негізгі құрамына 12 адамды іріктеп алдық. Олардың екеуі қосымша кезектерін күтіп отырады. Себебі, түрлі жағдайға байланысты ауыстыруға керек. Бұл қылмыстық істе жәбірленуші зорлыққа тап болған. Сондықтан жабық процесс болғандықтан басқа ешкімді кіргізе алмаймыз.

Түстен соң бірден айыптау қорытындысы тыңдалды. Сүйіктісінің өтініші бойынша пәк қыз іздеген Виктория Савич мектеп оқушысымен әлеуметтік желі арқылы танысып, жалдамалы пәтеріне алдап шақырған. Сыбайласы Сергей Наумцев сол түні оқушыны зорлап, буындырып өлтіріпті. Қылмыстарының ізін жасырмақ болып, тіпті Гүлдира Сәкенованың жаны шыққан соң ауызын сабынмен жуып, тырнақтарына дейін қиып тастаған. 

Амангелді Сәкенов, Г.Сәкенованың әкесі:

-Олардың ең ауыр жазаға тартылуын талап етемін. Тіпті, өлім жазасына кессе деймін. Қазір іріктелген алқа билерге еш қарсылығым жоқ. Тергеудің де дәйектерді толық қамтығанына көңілім толады. Тек, қылмыскерлер әділ жазасын алса екен. 

Күдіктілердің біріВиктория Савич 15 жастағы оқушыны буындырып өлтірген соң, дорбаға салынған мәйітті далаға лақтырғандарын бірден мойындаған. Сүйіктісі Сергей Наумцев те өзіне тағылған айыпты алғашқыда сөзге келмей растаған болатын. Тек адвокатымен кездескен соң айтқанынан айнып қалыпты.

-Әйтсе де сараптама қортындысы оның Гүлдира Сәкенованы зорлап, артынан өз қолымен буындырғанын дәлелдеп берді. Екі қаскөйдің оқушыны аңдып жүрген сәттері де қала орталығындағы дүкендердің бірінің бейнекамерасына түскен екен. Сондықтан сот отырысы ұзаққа созылмай, бір айдың ішінде үкім шығарылады деп күтіліп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде