Балалары үйі мүлдем жойылуы мүмкін
«Сәбимен отбасының сәні кірер» қоғамдық қоры еліміздегі жетім балаларды бағып-күту жүйесіне түбегейлі өзгеріс жасамақ. Олар бала асырап алушы ата-аналарға арналған арнайы отбасылық институт құруды жоспарлап отыр. Бұл орталық Астанада ашылмақ.
Автор: Гүлнұр Имандосова
30.01.2014
Енді елімізде мынадай интернаттық үлгідегі балалар үйлері мүлдем болмайды. Шенеуніктер мен үкіметтік емес ұйымдар батыстың үлгісін бізге де енгізбекші. Яғни, ата-аналарға құқықтық кеңестер беретін, бала асырап алушы ата-аналармен ашық әңгімелер жүргізетін институтты дамытады. Айта өтейік, елімізде жанұлық үлгідегі үйлер саусақпен санарлық қана. Мысалы, елордада мұндай бір ғана орталық бар екен. Ол жерде 202 бала тәрбиенеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!