Жаңа өзгеріске сай оқушылар енді тоя тамақ ішуі тиіс
Елімізде оқушылардың тамақтану жүйесіне қатаң өзгеріс еңгізілмек. Оған сәйкес, бұдан былай балаларды қалай және немен тамақтандыру керектігін шешу міндеті тікелей мектеп директорына да жүктеледі. Бүгінде бір баланың бір күндік асы орташа есеппен небәрі 165 теңгені құрайды. Оның үстіне, соңғы уақытта мектеп асханаларында құнары жоқ фаст-фуд өнімдері де қаптап кеткен.
Автор: Құралай Пионер
30.01.2014
Сыртта қалай тамақтандырады? Бұл баласы бала-бақшаға, не мектепке баратын әрбір ата-ананың көңілінде тұратын сұрақтың бірі. Өйткені әлеуметтік орындардан бүгінде сенім кеткен. Мәселен, Павлодардағы мына бір мектепте оқушыларға берілер боқадан жыбырлап ақ құрт шықса, Алматыда бірден 150 оқу орнында ыстық астың орнына пицца беріліп келгені анықталған.
Қорлан Құсбекова, Павлодар қалалық №16 мектеп-лицейінің директоры:
- Қазіргі кезде мектеп асханалары арендада тұр. Олар тендерді ұтып алып, асханаларды жалға алады. Ал біздің осы құқымыз жоқ. Тамақты қалай дайындайды, бағасына, ас мәзіріне байланысты. Ешқандай бұйрықта шығара алмаймыз.
Не әзірлеу керектігін бұйырмақ түгілі, бұл тұста директордың асхана есігінен ары аттап өтуге де құқы жоқ. Өйткені елдегі мектеп біткеннің барлығының қазаны жекенің қолында. Яғни, мемлекеттік тендерді ұтып алған кәсіпкердің иелегінде. Ал онымен келісім-шартты тек Білім басқармасы жасайды. Үнемдеу принцепін сәйкес, бүгінде бір оқушының бір күндік асы – 161-ден теңгеден 300 теңгені құрайды.
-Оған міндетті бір реттік тағам мен жеңіл-желпі салат, бір стакан шырын кіреді. Тек анда-санда ғана қосымша ретінде жеміс-жидек пен ақ тамақ беріліп жататыны бар.
Осы тұста, Қазақ тағамтану академиясы сан-мәрте олқылықты ашып, ас мәзірінің бір ізділігін ұсынған-ды. Бірақ әзірге мамандарды тыңдар құлақ жоқ.
Юрий Синявский, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті:
-Көкөніс, жеміс-жидек, балық, ет, сүт, тәттісі бар, қышқылды бар балаға міндетті түрде берілуі керек. Ол оның ойлау қабілетін, есте сақтау жүйесін дамытады. Ал бізде қайтеді қазір. Шала пісірілген фаст-фуд береді. Құнары жоқ ботқа мен шұжық жегізеді.
Десе де үлкен талқылаулар мен сындар әсер етті ме, әйтеуір оқушылардың тамақтану жүйесіне бір өзгеріс енетін болды. Яғни, мемлекеттік сатып алу заңы қайта қаралуда. Білім министрлігі таратқан соңғы мәліметке қарағанда, бүгінде елімізде 6 мың 183 мектеп ыстық тамақ бағдарламасымен 2 миллионға жуық баланы бір мерзім ауқаттандырады екен. Бұл елдегі мектептің 79 пайызы ғана.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!