Кәсіпкерліктің дамуына селқос қараған әкімдер отставкаға жіберіледі
Елімізде шенеуніктерді жаппай жұмыстан шығару басталуы мүмкін. Өңірлердегі әкімдердің кәсіпкерлерді қолдауда еш көмек бермей отырғанын естіген Үкімет басшысы ашуға мінді. Егер тез арада Қазақстан халықаралық бизнес-рейтингте жоғары сатыға көтерілмесе, онда әкімдерді жаппай «жұмыстан шығарам» деп қатаң ескерту жасады.
Автор: Гүлнұр Имандос
30.01.2014
Міне, мына халықаралық рейтингте біздің еліміз маңызды индикатор бойынша бір орында тапжылмай тұрып қалған. Мысалы, отандық бизнесмендерді қағазбастылық пен таусылмайтын тексерулер титықтатып отыр. Ал, шетелдік инвесторлар болса елдегі құқықтық қорғаудың әлсіздігінен Қазақстанға келгілері келмегенін айтқан. Осыған байланысты бүгін Серік Ахметов шенеуніктерге соңғы рет қатаң ескерту жасады. Бұлай жалғаса берсе, кәсіпкерлікті қолдамаған әкімдер жылы орындарынан кетсін деп талап қойды.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:
-Бір нәрсені қайталай беруге шаршадық. Қанша айттық, орнынан қозғалар емес. Мысалы, құрылыс жүргізуге рұқсат алу бізге байланысты. Егер әкімдер мұны өз аймақтарында шешпесе, онда бәріңізді қызметтеріңізден босатуға тура келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!