{metadescription}
0:000:00
Мақсат Үсеновтың әкесі ақыры қызметінен кетіп тынды

Мақсат Үсеновтың әкесі ақыры қызметінен кетіп тынды

Мақсат Үсенов темір торға қайта тоғытылуы мүмкін. Алматыда БМВ көлігімен  алты адамды қағып, біреуін мерт қылған жігітті прокуратура 45 тәулікке қамауды сұрап отыр. Жәбірленуші тараппен келіскен күннің өзінде, жол апатынан кейін із суытқаны құзырлы органның есіне енді түскен сыңайлы. Ал бұған дейін құжатынан айырылып рөлге отыруға мүлдем құқы болмаған  жүргізушінің   әкесі ақыры қызметінен кетіп тынды. «Экспо-2017» ұлттық компаниясының шендісі   Қажымұрат Үсенов бүгін жылы орнымен  қоштасты. Бұған дейін...

қамінер тергеуге араласпайтынын, ал баласының заң алдында жауап беретінін айтып сендірген болатын.

Қажымұрат Үсенов, «Экспо-2017» ұлттық компаниясының департамент директоры:

-Жауапкершілік керек болса аламыз. Неге алмасқа? Менен туған бала ғой. Бөлек тұрса да. Бірақ бұл әркімнің басынан өтетін жайт. Ол әдейі барып  соққан емес. Менің қызметіме баламның ешқандай қатысы жоқ. Ол өздігімен жүрген бала. Мен баламды желкесінен алып қызметке шақырып көмектескен адам емеспін.

Алайда,  24 жастағы жігіттің  жазадан жеңіл құтылғаны  қоғамның наразылығын тудырып отыр. Cебебі алғашында қамауға алынғанымен  кейін тараптар " келісімге келді"  деген желеумен Мақсат Үсенов бостандыққа жіберілген. Бұған ызаланаған азаматтар   Жоғары соттан істі қайта қарауды  сұрап ғаламторда үндеу жариялады. Шағымға  22 мың  адаммен бірге марқұм жігіттің анасы да қол қойыпты. Жантүршігерлік апатқа кінәлі жігітті қатал жазалауды депутаттар да талап еткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде