{metadescription}
0:000:00
Геннадий Головкин кезекті қарсыласын нокаутқа жіберді

Геннадий Головкин кезекті қарсыласын нокаутқа жіберді

Ертең бокс сүйер қауым асыға күткен жекпе-жек өтеді. WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ганалық Осуману Адамамен қолғап түйістіреді.

Монакода өтетін бұл бәсеке көпшіліктің қызығушылығын туғызуда. Шаршы алаңда 28 рет жұдырықтасқан қазақстандық кәсіпқой рингта жеңіліп көрмеген. Ал ганалық боксшы 22 кездесудің үшеуінде қарсыласына есе жіберген. Бокс мамандары бұл жұпта Головкин айқын фаворит екендігін жасырмайды. Десе де қазақстандық  африкалық боксшыны осал еместігін мойындап отыр. Головкин мен Адама арасындағы титулдық бесеке ертең Астана уақытымен түнгі сағат 11 де басталады.           

Тайландта аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, қазақ боксшыларының айқын жеңісімен аяқталды.  Алты спортшымыз алтыннан алқа тақса, үшеуінің еншісінде қола жүлде. 56 келіде Сұлтан Заурбек, 60 та Абылайхан Жүсіпов, 64 те Аян Қалыбеков, 81 келіде Вадим Казаков, 91 де Темірлан Қабиев топ жарса, аса ауыр салмақта Азияның чемпиондық атағын Елдос Қыдырбаев жеңіп алды.

Михаил Кукушкин Дэвис кубогы жолында Қазақстан құрамасына алғашқы жеңіс сыйлады. Рубен Бемельманспен кездескен отандасымыз төрт сетке жалғасқан матчта қарсының адымын аштырмады.

Алғашқы паритяны еш қиналмастан алған 26 жастағы қазақстандық тай-брейкке жалғасқан екінші сетте басымдықты бельгиялыққа беріп қойды. Есесіне қалған уақытта қателікке бой алдырмаған Кукушкин лайықты жеңіске жетті. Қортынды есеп 6:4, 6:7, 6:2, 6:3. Ал осы сағаттарда Андрей Голубев пен Давид Гоффен өзара мықтыны анықтауда. Ертеңгі бағдарламаны жұптық кездесулер бастайды. Евгений Королев пен Денис Евсеев Киммер Коппеняс пен Оливье Рохусқа қарсы ойнайды.

Сочи олимпиадасында  шорт-тректен ел намысын қорғайтын спортшылар қатарын ақтөбелік Аслан Даумов толықтырды. Әлем кубогында бой көрсетіп жүрген  25  жастағы Аслан Даумов,  Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ еліміздің 3-ші қысқы спартакиадасының жеңімпазы.

Ақтөбелік  майталман  алдағы ақ ойындарда эстафеталық додада бақ сынайды. Командалық эстафета ақпанның 21-ші жұлдызында өтеді. Аслан мен оның командалас әріптестері  Сочи олимпиадасы қарсаңындағы соңғы оқу жаттығу жиынын  Түркияда өткізуде. Команда құрамы: Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Аслан Даумов, Денис  Никиша  және Инна Симонова секілді спортшылармен жасақталған.  Жерлестеріміз олимпиада жүлделері үшін жарысқа 10-шы ақпан күні кіріседі. Бұл күні ерлер мың жарым метрлік қашықтықта бақ сынайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде